Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Біз алдымызға сіздердің сеніміңізді ақтау міндетін қоямыз!»

«Біз алдымызға сіздердің сеніміңізді ақтау міндетін қоямыз!»

«Nur Otan» партиясы атынан Біржан-сал аудандық мәслихаттың депутаттықа үміткерлер Дәулет Мұхтархан «Біржан-сал ауданының мәдениет үйі» МКҚК директоры және Гүлаим Әбжанқызы Ысқақова «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Степняк қаласында орналасқан «Bon appetit» асханасына және басқа сауда нүктелеріне барып, келушілер мен жұмысшыларымен кездесіп, әңгімелесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.


«Nur Otan» партиясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының және коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу міндетін қойып отыр. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы келесіге қол жеткізеді: аудан орталығында жыл сайын кемінде 24 ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу (барлық санитарлық талаптарды ескере отырып); жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және көтерме жеткізушілермен меморандумдар жасасуды қамтуды 100% қамтамасыз ету; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру бойынша штабтардың жыл сайын кемінде 12 отырысын өткізу; коммуналдық кәсіпорындардың шығындарын талдауды ескере отырып, коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеруін қоғамдық талқылауға қол жеткізеді», - деді Дәулет Мұхтархан.

«Nur Otan» партиясы елдің жетекші саяси күші ретінде, біздің халқымыздың бірлігі, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмыс істеуді жалғастыратын болады. Біз алдымызға сіздердің сеніміңізді ақтау міндетін қоямыз және сіздерді «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз», - деді Гүлаим Әбжанқызы.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Біржан-сал ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

12:11
251
Нет комментариев. Ваш будет первым!