Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Жастардың жұмыспен қамтылуына мүдделіміз

Жастардың жұмыспен қамтылуына мүдделіміз

«Nur Otan» партиясы атынан облыстық және қалалық мәслихаттарға кандидаттар Көкшетау қаласындағы «КАИК» кәсіпорнында болып, жас мамандарымен жүздесті.Облыс орталығындағы іргелі өндіріс орны саналатын Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы заманауи көпсалалы, ауылшаруашылығы, коммуналдық салаға және арнаулы техникаларды шығарады. Сондай-ақ, Ресей мен Беларуссияның дайын техникаларын жеткізуші ретінде нарықта танымал. Аталған кәсіпорын директорының орынбасары Талғат Жүнісов те алдағы сайлауда бағын сынамақ. Ол жастармен жүздесу барысында өзі атынан үміткер болып отырған саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Оның ішінде өңірді және қаланы жастарға жайлы ету, оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік жағдайларын шешу, баспана алуына ықпал ету деген сияқты жоспарда тұрған ілкімді істер бар. Сондықтан 10-шы қаңтарда таңдау жасаған кезде нағыз халықтың партиясы «Nur Otan» партиясына дауыс беру керек. 

Сайлаушылармен жүздесуге келген қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Мұхамед Қоңқаев та жастардың мәселесін бірінші кезекке қояды. Себебі өзінің де басы жас және олардың көкейтесті мәселелерін жақсы біледі. Ал нұротандықтардың алдағы бес жылда жастарға жатақханалар салып, баспана мәселесін шешуді көздеп отырғанын қос қолын көтеріп тұрып құптайды. Басында үйі бар жастың күйі де жақсы болады және өңірдің өркендеуі жолында аянбай еңбек етеді деді ол өз сөзінде. Ақмола облысындағы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мәнсия Есекеева биыл Волонтерлар жылында жастар өздерінің нағыз патриот екенін көрсете білді және олардың адами қасиеттері анық көрінген жыл болды деді. 

Шынында да еріктілер қозғалысына қосылған жастар өңірге пандемия тараған уақытта басын бәйгеге тіге алды. Олар өз денсаулығын емес, өзгенің амандығын тілеп, көмек қолын созды. Бүгінгі күннің батырларынан үйренеріміз көп, ал «Nur Otan» партиясының атынан депутаттыққа кандидат болып алға шыққан өзінің де мақсаты –жастардың мүддесі. Сондықтан өзінің және жақындарының болашағына бей-жай қарамайтын жастар алдағы сайлауда дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Өйткені бұл саяси ұйым жастардың жұмыспен қамтылып, жақсы өмір сүруіне мүдделі. Кездесу барысында спикерлер сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Мақала ақысы «Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық сайлау қорынан төленді. 

12:05
313
Нет комментариев. Ваш будет первым!