Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Бірліктіктер» базынасына құлақ түрді

«Бірліктіктер» базынасына құлақ түрді

Көкшетау қаласына жақын орналасқан «Бірлік» шағын ауданы тұрғындарының өзекті мәселелеріне әбден қанық облыстық мәслихаттың саптағы депутаты Елена Мащинская осы елді-мекеннің шешімін күткен көптеген істеріне өзі де араласқан. «Бірліктегі» жолдың жөнделуі, мектеп пен балабақшаның салынуы, жылу жүйесінің үйлерге тартылуы, ауыз су, автобус қатынасы сияқты сауалдары болғанына және ол кезең-кезеңмен шешілгеніне алдағы сайлауда кандидат болып додаға түсетін ол өзі куә. Және аталған шағын аудан тұрғындарының шағымын талай естіген және өзінің алғашқы сайлау учаскесі болған ауданда көп мәселенің дұрыс шешілуіне ықпал еткен. Бірліктіктермен кездесу барысында үміткер осы жайтты есіне алып, тұрғындардың жағдайы біршама жақсарып қалғанына қуанышты екенін жасырмады. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев өздері ұшырып отырған түлектердің ауылдық жерлердегі мектептерде сабақ беріп жүргеніне мақтанатынын айтты. Білімді ұрпақ елді алға оздыратын қозғаушы күш. Бүгінгі күні мұғалімдердің еңбегі бағаланып, жалақылары өсіп жатыр. Балаларыңызды жергілікті жоғарғы оқу орнына беріңіздер және алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасаңыздар деді ол. Себебі білікті мамандардың және еліне қызмет ететін патриоттардың қатарының өсуіне «Nur Otan» қашанда қолдау білдіреді. «Көкшетау минералды сулары» АҚ директоры Станислав Максимец, теміржол вокзалы Көкшетау станциясының жетекшісі Роза Арыстанқызы, «Раисов» ЖК директоры Айдын Раисов, Көкен Шәкеев атындағы ақындар мектебінің жетекшісі Мұхаммед Қоңқаевтар да өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кандидаттар мен жергілікті тұрғындар арасындағы әңгіме тартымды және еркін өтті. Олар өздерінің ұсыныстары мен тілектерін ортаға салып, алдағы уақытта оң шешім табатынына сенім білдірді. Кездесудің модераторы «Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық аумақтық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Зәуреш Нұрымова да алдағы маңызды додада тек дұрыс шешім қабылдап, аймағымыздың өркендеуіне баса мән беріп отырған партияны таңдауды ұсынды.

Мақала ақысы «Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық сайлау қорынан төленді. 

12:01
312
Нет комментариев. Ваш будет первым!