Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​«Nur Otan» партиясы: Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, еңбек нарығын арттырып жатыр»

​«Nur Otan» партиясы: Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, еңбек нарығын арттырып жатыр»

«Nur Otan» партиясы: Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, еңбек нарығын арттырып жатыр»,-дейді Мәдениет ауылының тұрғындары.

«Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихатқа депутаттықтан үміткер Бибігүл Қуанышқызы Кушекова аудандық мәслихатқа депутаттығына үміткер Руслан Маратұлы Әбжанов, Зеленобор селолық округіне қарасты Мәдениет ауылына барып Ақтілек дәмханасында жергілікті тұрғындармен кездесіп сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

«Nur Otan» партиясының басты бағыты болып табылып, бүгінгі таңда оң нәтиже беріп отырған партияның нақты қадамдарымен таныстырып өтті. Алдымен облыстық мәслихатқа депутаттығына үміткер Бибігүл Қуанышқызы сөз алып «Nur Otan» партиясының келесі бағыт бойынша жұмыс жоспарымен таныстырды. «400 бас күзен өсіру бойынша мал фермасының ашылуына» аталмыш округ бойынша жоспарланып отырғандығы жайында екжей-текжейлі баяндап берді. «950 басты 8 ет және сүт шағын ферма ашу және кеңейту» жоспарда тұр. Осы бағытта мемлекет тарапынан қаржы бөлініп елдегі жұмыссыздық мәселесін жойып нақты қадамдарға бағыт алады,-деді өз сөзінде. Сонымен қатар нақты қадамға барып мақсат – мүддесінің орындалуына барынша күш салып елдің экономикасын көтеруге білек сыбана кірісіп жүйелі түрде табандылықпен жұмыс істеп, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп жатқан «Nur Otan» басты қағидасы елді-мекендегі тұрғындарды ауылшаруашылық айналымына көптеп тартып экономикалық тұрғыдан оң нәтиже көру жоспарын да толық баяндап берді.

Кездесуге жиналған мәдениеттілік тұрғындар өз сауалдарын облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бибігүл Қуанышқызына жолдап тұщымды жауаптар қайтарылды.

Келесі жарыссөзге шыққан аудандық мәслихат депутаттығынан үміткер Руслан Әбжанов сөз алып «Nur Otan» партиясының жұмысы жайлы толыққанды баяндап көпшілікпен өз ойын бөлісті. Партияның жеті бағытының бірі кәсіпкерлерді қолдау болып табылып отыр. «Еңбек бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 20 грант пен шағын несие беру арқылы шағын және орта бизнесті дамытуға» арналған бағдарламаны таныстырды. Кез-келген мемлекеттін басты байлығы ол адам. Егер халқы бай-қуатты тұрса, ол елдің ертеңге деген сенімі нығайып, оң нәтиже береді. Елбасымыз елімізге егемендік алып бергелі талай қиын кезеңдерден өтіп, өзінің сарабдал саясаты арқылы қиындықтан ақыл-парасатының арқасында елді алып шықты. Әлі де жетіспей жатқан жерлеріміз бар, жасырын емес. Ол үшін еңбек нарығында бәсекелестік арқылы өзімізді еңбекке баулып, неғұрлым жасаған еңбегімізге қарай өнім алып болашақты кепілдендіру. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндікті нақты іспен, мұрат-мақсатын басты бағыт қылып алған «Nur Otan» партиясы жетекші партия ретінде, қазіргі таңда ауылдық елді-мекендерге аса көп бөліп, мұң-мұқтаждықты жойып жатыр. Қыруар жұмыстар атқарылда. Ел оны біледі. Әлі қанша ма жоспарымыз бар, соларды сіз болып, біз болып жұмылған жұдырықтай бірге атқаруымыз керек,-деп өз ойын көпшілікпен бөлісті.

Мәдениет ауылының тұрғындары алдағы сайлауда «жас келсе-іске» деп халық қалаулысынан үміткер болып отырған қос кандитатқа дауыс беріп «Nur Otan» партиясының бағдарламасын қолдайтындықтарын айтып өздерінің пайымды пікірлерімен бөлісті.

«Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, еңбек нарығын қадағалап отырған» «Nur Otan» партиясының атыннан облыстық, аудандық мәслихаттан үміткерлерге ақжол сәт-сапар тіледі.

«NurOtan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

09:42
424
Нет комментариев. Ваш будет первым!