Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Сайлауалды бағдарламада барлығы қамтылған

​Сайлауалды бағдарламада барлығы қамтылған

Бүгін Целиноград ауданы Нұресіл ауылдық округі тұрғындарымен Ақмола облысы маслихаты депутаттығына кандидат Алтын Қорғанқызы Ахмет, аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар Қуат Төлеуұлы Дүйсекеев, Мұхтар Қылышұлы Досхожин, Азамат Жеңісұлы Қанапиянов, Салтанат Ермекқызы Жунусова, Амангелді Шаукенұлы Қапанов, Александра Николаевна Бутакова үгіт-насихат кездесуін ұйымдастырды. 

Кездесу барысында М.Қ. Досхожин ағымдағы жыл әлем халқы үшін үлкен сынақ болғаны айтып, көптеген мәселелерге жекелей қарауға әрі адамның өмірі мен денсаулығы - мемлекет үшін маңызды екенін тағы бір мәрте аңғарумызға септігі тигенін жеткізді. Карантин шараларына қарамай партия жұмыс жасауын тоқтатқан емес. Ел басына қиын қыстау кезең туғанда халықпен бірге болған партия, алдағы уақытта да мемлекетіміздің дамуы жолында бірге болуды нақты мақсат етіп қойып отыр. Кандидаттар жиынға қатысушылардан партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдауға шақырып, сайлауалды бағдарламада барлық салаға қатысты мәселелердің шешімі қамтылғанын жеткізді.

Кездесу барысында Нұресіл ауылы тұрғындарына Салтанат Ермекқызы Жунусова «Nur Otan» партиясының Целиноград ауданын дамытудың 7 басым бағытымен таныстырды. Кандидаттар аудандағы сайлауалды бағдарламада бұдан бөлек ауданды дамытуға арналған басқа да салалар бойынша негізге алынған жұмыстарды баяндап, қатысушылардың пікірлері, сауалдарын тыңдады. 

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған жол жөндеу, ауызсу т.б. көтерілген мәселелер бойынша штаб мүшелері сұрақтарды тиісті мекемелерге жеткізіп, хат жіберіп, бақылауға алатындарын мәлім етті. Кездесу соңында «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

"Nur Otan" партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлауалды қорының қаражатынан төленді.

18:46
327
Нет комментариев. Ваш будет первым!