Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Біз лайықты өмір сүру үшін жағдай жасаймыз!

​Біз лайықты өмір сүру үшін жағдай жасаймыз!

Әлемдік пандемия елдегі тұрақты экономикаға, дәстүрлі өмір сүру форматына тікелей әсер етті. Осыған орай үкімет дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі.

"Nur Otan" партиясының көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың "Biz birgemiz" акциясы аясында партияның мүшелері мен еріктілері 525 отбасына азық - түлік қоржынын жеткізіп, 469 адам 50000 мың теңгеден материалдық көмек алды.

Дамудың 7 басымдығын алға тарта отырып, кәсіпкерлерді қолдау бөлімінде "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 49 кәсіпкерге қолдау көрсетті.

Ерейментау аграрлық және мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы өңір. Ауданымызда бірқатар наубайхана кәсіпорны бар. Наубайхана да нәпәқасын тауып жүрген жандар өте көп. Бұның өзі біршама азаматты жұмыспен қамту болып табылады. Дәл осы наубайхана жұмысшыларымен партия мүшесі - Калиев Талғат Асылханұлы жүздесіп, алдағы орындалатын жұмыстың ретімен таныстырып өтті. Талғат Асылханұлы жұмыс орнын аралап, әрбір жұмысшымен жеке сұхбаттасып өтініштері ескерусіз қалмайды деп сендірді. Ал аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - Абжиков Медеу Ерболұлы Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлеріне сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Ауданның қауіпсіздігі - төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлеріне тікелей байланысты екенін атап өтті. Медеу Ерболұлы бөлімшенің ішін аралап, құтқару көліктерімен, құрал - жабдықтардың сапасын қадағалап қайтты.

Партия шалғайдағы мекендерді қараусыз қалдырмайды.

Құрметті жерлестер, болашағыңыздың жарқын болуын қаласаңыздар "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіздер!


"Nur Otan" партиясының Ақмола облысы Ерейментау ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді

00:47
301
Нет комментариев. Ваш будет первым!