Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Біздің мақсатымыз ортақ, таңдауымыз – Nur Otan!

​Біздің мақсатымыз ортақ, таңдауымыз – Nur Otan!

Жақсы ауданында"Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт – насихат жұмыстары аясында үміткерлердің сайлаушылармен кездесулері жалғасын табуда.

Бұл жолы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Г.Е. Мұхамбетжанова аудан мәслихаты депутаттығына үміткер кандидаттар Б.А.Жанәділов, Д.С.Пішембаева, П.Казьмин, Н.Р. Бережная Киев ауылындағы «Труд» ЖШС ұжымына және Новокиенка ауыл тұрғындарына ат басын бұрды. Кандидаттар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндірді.Кездесу барысында таза сумен қамтамасыз ету, жолдардың жөнделуі, интернет желісі, медицина қызметі жайында көптеген мәселелер көтерілді. Сайлаушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс – тілектерін білдіріп, пікір алмасты.

Үміткерлер жастардың ауылдарда қалып, кіші отанына оралуы үшін не істеу керектігін талқылады.Ауылдағы адамдардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету және жағдайын жақсарту үшін "Nur Otan" партиясының алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттерді белгіледі.

Сонымен қатар"Nur Otan" партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс істеуді жалғастыратындығына сендіре отырып, ауыл тұрғындарын 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысуға шақырды.

"Nur Otan" партиясы Ақмола облысы Жақсы ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

00:44
331
Нет комментариев. Ваш будет первым!