Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​«Nur Otan»айқын мақсаттар мен биік белестердің партиясы

​«Nur Otan»айқын мақсаттар мен биік белестердің партиясы

Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, кандидаттар Сабынды, Арықты ауыл тұрғындарымен онлайн режимінде үгіт-насихат жұмыстарын өткізді. Ауыл тұрғындары кандидат Смагулова Раушан Қазбекқызы, Самат Мамырайымовтарға көкейдегі сұрақтарын қойды.

Өз кезегінде кандидаттар сұрақтарға жауап берді және алдағы партия жоспарларын айтты. Нақты істер партиясы «Nur Otan» өзінің қалыптасу кезеңінен бастап тек жақсылық жанашыры ретінде танылып келеді. Бүгінде халықтың көп бөлігі қолдап отырған саяси ұйымның жоғары санатта болғаны уақыт көрсеткіші. Яғни жасалынған істердің нәтижелері жыл сайын арта түсіп, партия қатары күн сайын көбеюде. «Nur Otan» армандарды орындайтын, үміттерді жандандыратын партия. Мысалы, Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясының сайлауалды жоспары анық және нақты қадамдарға толы. Атап айтсақ, "Nur Otan" партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттер қояды?! Олар:

"Бақытты отбасы"партиялық жобасын іске асыруға жәрдемдесу. Отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізілетін болады.

Ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды, оның ішінде тақырыптық іс-шараларды, Қазақстан халқының бірлігі күнін өткізу есебінен жалғастыру.

Мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауды, қолдану аясын кеңейтуді, Қазақстан халқының тілдерін дамытуды жалғастыру.

Бірлікті, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту бойынша этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді қолдау және тағы басқа да жоспардың жеті басым бағытының ішіндегі мәселелер толығымен жүзеге асатын болады. Жоғарыда айтып өткендей, «Nur Otan» партиясы болашақтың мықты діңгегі, нақты істердің дәлелі.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Қорғалжын аудандық филиалының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

00:42
544
Нет комментариев. Ваш будет первым!