​Басымдық – халықтың игілігі

​Басымдық – халықтың игілігі

Еңбек ардагері, айтыскер-ақын, туған өлке туралы кітаптің авторы Күләш Рақымжанова «Жастарымыздың Мәжіліске сайлану тілектері айтуға тұрарлық қадам!»- деген сөздермен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына Nur Otan партиясынан кандидат -А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаевпен болған әңгімелесуді бастап, оның іскерлігін, игі талпыныстарымен, қоғамымызда орын алып отырған проблемаларды көре білуімен ерекшеленетінін атап өтті.

«Осындай, әртүрлі мәселелерді шеше алатын, жаңа көзқарастағы және ұстанымдағы жандар бізге қажет», - деп ойын жалғады Күләш Сәбікенқызы.

Дәл осы қасиеттер, атап айтқанда еңбексүйгіштік, жоғары жауапкершілік, ұдайы өзін-өзі жетілдіріп отыру Мәди Сағынтайұлына тән деуге болады. Ол жас болса да Ақмола облысының үздік университеттерінің біріне басшылық жасауда, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты қызметінде өз қаласының игілігі үшін белсенді және жемісті еңбек етуде.

Зеренді селосының тұрғындарымен болған кездесуде «Парламентке дауысқа түсу арқылы туған отаныма, өз жерлестеріме пайдалы істер атқаруға мүмкіндігім жоғарылайды», - деп атап өткен М.Елубаев, қатысушылардың көптеген, ауданның ең өзекті проблемалары-электр энергиясымен қамтамасыздандыру, мұнымен қатар тұрғын үй, бағаның қалыптасуы, коронавирус пандемиясына қатысты сұрақтарына жауаптар берді. Барлық сұрақтарға нақты жауаптардың берілуі, депутаттыққа кандидаттың тұрғындарды толғандырып отырған мәселелер туралы өзінің шын тұрғыда білетінін дәлелдеп, егер депутат болып сайланса әріптестерімен бірге оларды шешуге дайын екендіктерін білдіреді.

- «Nur Otan» партиясы, еліміздің басты саяси күші ретінде ел халқының бірлігін нығайтуды, еліміздің дамып, өркендеуін, әр қазақстандықтың әл-ауқатын көтеру жұмыстарын жалғастыратын болады, - деген М.Елубаев, тыңдаушыларға алдымызға қойған міндеттемелерді орындап, сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп уәде берді.

-Біз Nur Otan партиясының тыныс-тіршіліктің барлық салаларын қамтып отырған өз Бағдарламасын жоспарлы жүзеге асырып отырғанына ризамыз. Nur Otan партиясының мүшелері болып табылатын аудан басшылығының, партия тарапынан тұрғындардың әл-ауқатын көтеруде, күнделікті өмірде қолайлы жағдай жасап отырғаны үшін алғыс сезімімізді білдіреміз, - дейді Викторовка селосының тұрғындары. – Биылғы жылы бізде жаңа суқұбырлары салынып, әр үйге су берілгеніне қуанышымызды жасыра алмаймыз, өйткені ұзақ жылғы сумен қамтамасыздандыру мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды. Су мұнарасының және бірнеше километрлі суменқамтамасыздандыру жүйесінің қолданысқа енгізілуімен қатар, көше жолдары жөнделіп, жаңа асфальтты жабындылар жасалды. Біз селолықтарға жасалып отырылған нақты қамқорлықты көрудеміз, алдағы кезеңде мұнан да көлемді игі істердің атқарылатынына сенімдіміз!

Мәди Елубаев диалогқа қатысушылардан мақсатқа жету барысында «барлығының бірден бола қоймайтынын» олардың ойдағыдай жүзеге асуына уақыттың, шыдамдылықтың және күш-жігердің қажет болатынын да жасырмады.

Бұл түсінікті, ең бастысы партияда бастама, тұрғындар және ел игілігі үшін еңбек ету талпынысы, орын алып отырған проблемаларды шешудің қолжетімді тәсілдері қарастырылған бағдарлама бар. Олай болса, мәселелердің ойдағыдай шешілетініне еш күмән жоқ! Бүгінде ең басты ұстаным – өз болашағың, өз балаларыңның болашағы туралы тереңінен ойлап, бірден бір дұрыс таңдау жасау!

«Біз оны жасадық! Тек Nur Otan – партиясы, біз оған сенеміз, онымен болашаққа қадамдаймыз», - деп көтеріңкі көңілмен викторовкалықтар қоғамдық құрылымға ниеттестіктерін білдірді.

Ал сіз таңдау жасадыңыз ба? «Nur Otan» үшін дауыс беріңіз, өйткені дәл осы партия халықтың игілігі үшін жұмыс істейді! Біз біргіп, ауданның әр тұрғынының жайлы тұрмысқа, жан-жақты дамуға қол жеткізе және өз мүмкіндіктерін толықтай жүзе асыра алатын «қалыпты қоғам» құра аламыз.

* * * * *

«Nur Otan» партиясынан Зеренді аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Сұлушаш Бекмағанбетова - бойына жанашырлық қасиеттерін сіңірген, белсенді өмір тұғырын ұстанған тұлға, ол тек өзі жауапты жұмыс учаскесіне ғана емес, өзі ұзақ жылдардан бері басшылық жасайтын Денсаулықтың психикалық орталығының филиалы орналасқан Күсеп селолық округінің Өркен ауылына да жанашырлық көзқарасын қалыптастырған. Даңқты медицина қызметкерлері жасағының өкілі ретінде Сұлушаш Қапесқызы өз пациенттерінің (медициналық көмекті қажет етушілер) денсаулықтарын қалыпқа кел- тіру, оларға әсіресе жастарға салауатты өмір салтын сақтап, қоғамның белді мүшесі атанулары бағыттарында кең көлемді жұмыстар атқаруда.

«Неге мен депутат болуға шешім қабылдадым? Өйткені жерлестерім үшін көптеген игі істерді атқара алатыныма, біздің округімізге, тұтастай алғанда ауданға тән проблемалы мәселелерді шеше алатыныма сенімдімін, - дейді кандидат. – Бірінші кезекте олар медициналық қызметтер көрсету сапасын жақсартуға, пациенттерді сауықтыруға, елді мекенді жайғастыруға, ауыл тұрғындарының қалыпты тыныс-тіршіліктері мен демалыстарына қолайлы жағдайлар жасауға қатысты». Бұл сөздерде құр уәделер жоқ. «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Сұлушаш Бекмағанбетова өзіне алған міндеттемелердің маңыздылығы мен жауапкершілігін тереңінен сезінеді және оларды орындауға толықтай дайын. Сөзінде тұру, барлығын тұрғындардың игілі- гіне арнау оның басты ұстанымы. Егер ол депутат болып сайланса қабылданған бағдарлама талаптарын қатаң ұстанбақшы.

С. Бекмағанбетова жуырда «Дихан плюс» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізіп, оның барысында, әр тұрғынның тыныс-тіршілік деңгейін көтеруге бағытталған партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі тарауларына тоқтап, электораттың сұрақтарына жауаптар берді.

-Биылғы біздер үшін қиындығы жетерлік кезең болды, коронавирус пандемиясы көптеген проблемалар әкелді, алайда орын алған жайсыздықтарға қарамастан «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыздандыруға, жұмыспен қамту деңгейін сақтауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бар күш-жігерлерін жұмсап, ауданымыздың мекендеу үшін қауіпсіз және жайлы болуына бар күш-жігерлерін жұмсауда. Біз осы мақсатқа жетудің нақты жолын жақсы білеміз, - деді Сұлушаш Қапесқызы өз сөзінде.

Депутаттыққа кандидат төмендегі статистиканы келтірді. Карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты көрсетілген әлеуметтік көмектер: мәжбүрлі еңбек демалысындағы 3,3 мың еңбеккерлердің әрқайсына 42,5 мың теңге төленді; тұрғындардың әлеуметтік осал топтары санатына жататын 2 мың адам жалпы сомасы 38,8 млн теңгеден асатын азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтарын төлем ретінде алды; 137 азқамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек жасалды, 6 жасқа дейінгі 166 балаға кепілді әлеуметтік пакеттер ұсынылды. 2,4 мың адамның коммуналдық төлемдері өтелді.

Елбасының бастамасын «Biz birgemiz» акциясының шеңберінде, «Nur Otan» партиясының мүшелері және еріктілер (волонтерлер) жалпы сомасы 6,7 млн. теңгенің 510 азық-түлік себеттерін жеткізді. 701 адам жалпы сомасы 35 млн. теңге, әрқайсысы 50 000 теңге алды.

Дағдарыс жағдайында кіші және орта кәсіпкерлік орасан қолдауға ие болды. 30,5 млн. теңге 55 жаңа бизнес-жобаларды құруға қарастырылса, 1,5 млрд. теңге Жұмыспен

қамтудың жол картасы жобаларының шеңберінде бөлінген, ол жаңа 238 жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді; 49,4 млн. теңге несиелер сыйақы ставкаларын субсидиялауға, 3 жаңа бизнес-жобаларды құруға қарастырылған. Бұл- қабылданған шаралар тізімінің бір бөлігі ғана.

Кандидат өз сөзінде тұрғындарға сапалы медициналық қызметтер көрсету барысына жан-жақты тоқтап, бірнеше негізгі көрсеткіштердің: қан айналысы, туберкулез, ісікті аурулардың төмендегенін мақтанышпен атап өтті.

Сұлушаш Қапесқызы депутаттыққа кандидат ретінде электрондық науқанға алғаш рет қатысып отырса да, алған өмірлік тәжірибесі, өңірдегі барлық айтулы оқиғалардың ортасында жүрудегі білімі мен тілегі, мұнымен қатар партияластарымен тығыз жұпта жұмыс істеу, қолдаулары өзінің алдына қойған міндеттерін шешуге көмек болатынына сенімді!

Кездесу барысында серіктестікте жұмыс істеушілер партияның сайлауалды бағдарламасына толық ниеттестіктерін, «Nur Otan» партиясына өз дауыстарын беруге дайын екендіктерін білдіріп, осы саяси күштің, ертеңгі күнге өз артынан ерте алуға әлеуетті, уақыттың талаптары мен шақыруларына төтеп беріп, елімізді әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына шығара алатынын атап өтті. Ал сөздері мен істерінің ұштасуын, өз уәделерін орындай алатындарын партия ұзақ жылдар бойы дәлелдеп келеді!

Қатысушылар «Nur Otan» партиясына дауыс бере отырып, біздің жалпы үйімізде өзара түсіністіктің, бейбітшіліктің және тұрақтылықтың сақталуы үшін дауыс береміз деген қорытынды жасады!

Светлана КИМ

Зеренді ауданы Ақмола облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаттары есебінен төленді.

00:39
58
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!