Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​«Білім сапасын жақсартамыз» - Руслан Әбжанов

​«Білім сапасын жақсартамыз» - Руслан Әбжанов

Бурабай аудандық мәслихат депутаттығына кандитат Руслан Маратұлы Әбжанов «Nur Otan» Қызылағаш ауылында жергілікті тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Кездесу барысында «2025 жылға дейін барлық негізгі мектептердің (Абылайхан, Баянбай, Веденов, Қарашілік, Николаев ауылдарының ОМ-терін) физика, химия, биология кабинеттерін кезең-кезеңімен 58%-дан 62%-ға дейін жарақтандыру қолға алынған.

«1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 79,5%-ға дейін ұлғайту» туралы баяндап, көпшілікке таныстырып өтті. Жылдан-жылға нақты қадамға барып, батыл істерді қолға алып, елдің экономикалық құрылымын көтеріп, нақты шешім шығарып, халықтың әл-ауқатын арттырып жатқан «Nur Otan» партиясының бағыты дұрыс. Қашанда бейбітшілікті, тұрақтылықты мақсат етіп, дамыған елдің қатарынан табылуға күш салып жатқан партияның бағыты бәрімізге жақсы мәлім,-деді Руслан Маратұлы.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар қайтарылды.

Кездесуге жиналғандарды аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Руслан Әбжанов алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырып, сенім білдірген көпшілікке алғысын айтты.

«NurOtan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

00:36
407
Нет комментариев. Ваш будет первым!