Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​«Жаңа жеңістерге бірге жетеміз!»

​«Жаңа жеңістерге бірге жетеміз!»

«Nur Otan» партиясы атынан Біржан сал аудандық мәслихаттың депутаттықа үміткерлер Серік Жанатұлы Шәуенов, Игорь Ефимович Магерко, Гүлмира Амангелдіқызы Куртабиева және Александр Владиславович Бочковский Уәлихан, Еңбекшілдер және Кеңащы ауылдық округтерде үгіт-насихат кездесулерді өткізді.

Кандидаттар ауыл тұрғындарын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын ескеріп қайтты. Кездесу барысында ұялы байланыс, көлік құралдары, медициналық қызметке қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

Гүлмира Амангелдіқызы – Біржан сал атындағы балалар музыка мектебінің директоры, Игорь Ефимович – оқу-өндірістік комбинатының директоры және Александр Владиславович – қалалық №1 орта мектебінің мұғалімі. Олар білім беру саласының қызметкерлері ретінде біздің ұрпағымыздың бойында азаматтық пен патриотизмді тәрбиелеу маңызды деп санайды, өйткені бұл жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі негіздерінің негізі.

Үгіт-насихат шеңберінде өткен іс-шараға қатысқан Серік Жанатұлының айтуынша, ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген азаматтармен тілдесіп, олармен әңгіме-диалог құру, көкейкесті мәселелер шеңберінде сөйлесу, сайлаудың алдында шабыттандырады.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Біржан сал ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

00:29
322
Нет комментариев. Ваш будет первым!