«Nur Otan» партиясы нақты істермен қадам басуда
Бүгінгі үгіт-насихат кездесулері Целиноград ауылдық округтерінде өз жалғасын табуда. Облыстық маслихат депуттатығына кандидат Ольга Анатольевна Баранова, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мұхтар Қылышұлы Досхожин, Амангелді Шаукенұлы Қапанов, Қуат Дүйсекеев, Жасұлан Еслямов және сенімді өкілдері Ақмол, Қараөткел ауылы тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен партияның алдағы жылдары атқаратын нақты істерін атап өтті. Кандидаттар бағдарламаның айқын, мақсаты анық басты бағыттарының аудандағы халықтың әл-ауқатын жақсартуда алдағы бес жылдағы жарқын істерін тізбелеп берді. Партияның жалпы сайлауалды бағдарламасы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламаны қамтып отырғанын да ескеріп өтті. Әсіресе праймериз кезінде айтылған ұсыныстар, пікірлер, аманаттар бәрі де ескерілді. Бір ерекшелігі сайлауалды бағдарламада халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту толық қамтылған. Кандидаттар өз кезегінде елдің болашағы баршамыздың қолымызда болғандықтан алдағы сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген жеті бағыт та бүгінде ел тағдыры үшін жауапты күшке айналғанын да жеткізді. Білім саласында педагог мамандарға сұраныс артып, білім сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы екі есе көбейеді.
2025 жылға қарай мектепке дейінгі біліммен 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар 100%, 2-ден 6 жасқа дейінгілер 95% қамтылады. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі ішкі жалпы өнімнің 5%-нан кем болмайды. Балаларға қосымша білім беру, бос уақытты тиімді пайдалану, шығармашылық қабілетті дамыту мәселелері шешімін табады. Барлық мектепте спортпен және шығармашылықпен айналысуға жағдай жасалады. Үгіт-насихат кездесуде Ақмол, Қараөткел ауылдық округі елді тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, толғандырған сұрақтарына жауап берді. Алдағы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлауы қорының қаражатынан төленді.