Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Жастар «Nur Otan» партиясына дауыс береді!

Жастар «Nur Otan» партиясына дауыс береді!

ҚР Парламенті Мәжілісіне депуттатыққа кандидаттармен Көкшетау қаласының студент жастарымен кездесуі «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ғимаратында өтті. Сандықтау ауданының әкімі, Мәжіліс депутаттығына үміткер Асқарбек Үйсінбаев өзінің қарапайым диқаншыдан бес ауданның әкіміне дейін жүріп өткен жолында ауыл тұрғындарының жағдайын жақсы біледі. Әсіресе, жол сапасы, ауыз су мәселесі шешімін күткен, қордаланған мәселелер. Жастарды ауылға тартудың бір жолы оларға жайлы жағдай жасау, баспанамен қамту, спорт алаңдарын, мектеп, мәдениет үйін салу дейді ол. Және осы жолда өзі де еңбек етіп келеді. Биылғы сайлау әлемдегі елдердің тәжірибесімен өткелі отыр, партия таңдалып, сол тізімнен депутаттыққа кандидаттың іріктеліп алынуы әділ жасалған қадамның дәлелі деді өз сөзінде А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры, Мәжіліс депутаттығына үміткер Мәди Елубаев. 

Ол партияның сайлауалды бағдарламасының нақты істерге құрылғанын, оның ішінде жастарға жасалатын жағдайларға басымдық берілгенін атап өтті. Алдағы бес жылда 5700 орындық жатақханалардың салынуы да соның айғағы. Партияның құрамы жастармен толығып, олардың жасампаз идеялары елді алға оздырудың тетігі болады деді кандидат. Ш. Уәлиханов атындағы КУ ректоры Марат Сырлыбаев облыстық мәслихат депутаттығына үміткер. Өзі жетекшілік ететін жоғарғы оқу орнын заманауи бағытта дамытып жатыр. Дегенмен шетелге оқуға кетіп жатқан жастар қатары көп. Қазіргі уақытта соны азайту үшін жұмыс істеліп жатыр. Соңғы жылдары студенттердің шәкіртақысы өсіп, оларды жұмыспен қамту мәселелері де оң шешімін тауып келеді.

Сондықтан өз елімізде білім алып, өз аймағымызды дамытуға күш салу керек деді спикер. Жастармен кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Асыл Арман» ЖШС директорының орынбасары Умар Шоназаров, «Той Дастархан» ЖШС директоры Елены Мащинская, «Көкшетау минералды сулары» ЖШС бас директоры Станислав Максимец,аумақтық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Құсайын, «Jas Otan» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешевтің ортаға салған пікірлеріне де студенттер қызығушылық танытты. Спикерлер жастарды Отанын сүюге және 10-шы қаңтар күні дұрыс таңдау жасауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық сайлау қорынан төленді. 

10:04
415
Нет комментариев. Ваш будет первым!