Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

"Nur Otan" партиясымен бірге!

"Nur Otan" партиясымен бірге!

Гүлден Есмұратқызы Мұхамбетжанова – партияның белсенді мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты, Жақсы ауданы Остров орта мектебінің директоры, қазіргі уақытта облыстық мәслихат депутаттығына үміткер, сайлауалды үгіт - насихат жұмысын белсенді жүргізуде.

Ол Киев, Новокиенка ауыл тұрғындармен кездесіп, «Есіктен – есікке» акциясына да қатысып, онлайн кездесу өткізіп, сайлаушылардың үйлерін аралап, "Nur Otan" партиясының ел игілігі үшін атқарып жатқан және әлі де атқаратын жұмыстары жайында баяндап, үгіт-насихат материалдарын үлестіруде. Сайлаушылармен кездесу барысында Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасының жетістікке жетелейтін жеті бағытының басымдықтарын түсіндірді.

Сонымен қатар, Гүлден Есмұратқызы білім беру қызметкері ретінде балалар мен жастардың дұрыс қалыптасуына, олардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына, әрі қарай жұмысқа орналасуына, сапалы білім алуына және рухани-адамгершілік тәрбиесіне үлес қосқысы келетінін айтып өтті. Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер барлық өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп,алға қойған міндеттердің жүзеге асырылуы үшін

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға қатысуға және нақты істер партиясы - "Nur Otan" партиясын таңдауға шақырды!

"Nur Otan" партиясымен бірге - жаңа жетістіктерге жетеміз!

"Nur Otan" партиясы Ақмола облысы Жақсы ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді

10:22
456
Нет комментариев. Ваш будет первым!