​«Nur Otan»: тұрақтылық, сенім, нақты бағыт

​«Nur Otan»: тұрақтылық, сенім, нақты бағыт

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қанат Мусин және Умар Шоназаров буландылық партия белсенділерімен кездесіп, еліміздің саяси аренасындағы салмақты саяси күш - «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басымды бағыттарына тоқталып, партияластарды алдымыздағы ірі саяси додада жетістіктер мен нақты істер партиясын қолдауға шақырды.

Қанат Мусин және Умар Шоназаров – азаматтық ұстанымы жоғары, ел үшін адал қызмет етіп келе жатқан жан-жақты тұлғалар. Қай лауазымда болса да, халықтың пікірі мен мұқтажын назардан тыс қалдырған емес.

Аудан тұрғындарымен кездесу барысында республикалық штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жайында баяндап, оның ішінде өңірімізге қатысты ауқымды жобалар мен маңызды міндеттерге баса назар аударды.Қазіргі кезде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күшіне, осы жылдардың ішінде партия ішкі тұрақтылықтың тірегіне айналғанын, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті.

Штаб мүшелерінің сөздеріне бұландылылық партияластар тарапынан аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, білім беру саласының ардагері, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Людмила Ширинская қосылып, сайлауалды штабының жасап жатқан іс-шараларына оң баға беріп, саулауда «Nur Otan» партиясын шын ниетпен қолдап, дауыс беретінін айтты. Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси Кеңес Бюросының мүшесі Шахман Құсайынов Бұланды ауданында партия қолдауымен жасалып жатқан игі істерге тоқталып, халықтың қолдауымен әлі де талай белестерден көрінетін партияға жеңіс тіледі.

Кездесу соңында республикалық сайлауалды штабының мүшелері бұландылықтарға еңбектеріне табыс тілеп, ауданымыз аграрлы-өндіріс бағытында болғандықтан жыл сайын қамбаға алтын астық молынан құйылып, өндірістік кәсіпорындар үлкен жетістіктерімен қуанта берсін деген ақ тілегін жолдады. Ең бастысы – халықтың бірлігі мен татулығы орын алған жерде, ырыс та, береке де болмақ.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

09:37
107
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!