Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​"Сапалы емдеу ғана емес, оңалту да маңызды"

​"Сапалы емдеу ғана емес, оңалту да маңызды"

20 желтоқсанда "Nur Otan" партиясының республикалық сайлауалды штабының өкілі Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы Бурабай ауданында үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кездесудің бірінші орны "Авиценна-Бурабай" ЖШС конференц-залы болды.

Айнагүл Қыдырбайқызы "Nur Otan" партиясының денсаулық сақтау, білім беру салаларында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Жеке-мемлекеттік серіктестіктің арқасында Щучинск қаласындағы аудандық емхана ғимаратын жөндеу, оны ең заманауи жабдықтармен жабдықтау мүмкін болғанын атап өтті. Сондай-ақ, емхананың жаңа 6 қабатты ғимараты аяқталу сатысында. Мұның барлығы Бурабай ауданының медицинасын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Жиналғандарды денсаулығында туа біткен проблемалары бар адамдарды операциядан кейін оңалтуға көмек көрсету мәселелері қызықтырды. Сондай-ақ, білім беру саласына қатысты мәселелер. Айнагүл Қыдырбайқызы олардың әрқайсысына егжей-тегжейлі жауап беріп, осы және басқа да мәселелер "Nur Otan"партиясы үшін бірінші кезекте тұрғанын атап өтті.

Екінші орын "Мейірім–Бурабай" мүгедектерді оңалту орталығы" ҚБ болды. Мұнда "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырудан кейін "Бурабай ауданының мүгедектері" ҚБ төрағасы Байбуров Қанат Төлегенұлы сөз алып, оңалту орталығының құрылуы туралы, "Nur Otan" партиясының көмегінсіз осындай қажетті орталықты іске асыру өте күрделі болғанын айтты.

Мұнда оңалтудан өтіп жатқан мүгедек балалардың аналары балаларының жетістіктері туралы айтып, осында көбірек уақыт өткізгіміз келетініне назар аударды.

Кездесу соңында Айнагүл Қыдырбайқызы жиналғандарға алғысын білдіріп, осындай қиын уақытта өз елінің болашағына жауапкершілікпен қарап, "Nur Otan" партиясына өз дауысын беру үшін 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлауға келу керектігін атап өтті.

«NurOtan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

09:32
507
Нет комментариев. Ваш будет первым!