​Жеті бағыт жетістіктерге жетелейді

​Жеті бағыт жетістіктерге жетелейді

«Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы мүшелері үгіт-насихат жұмыстарымен Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қосшы ауылына келді.

«Nur Otan» партиясы ел аумағында үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Партия атынан сайланатын кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері өңірде еңбек ұжымдарындағы сайлаушыларымен кездесуде. Осы орайда Целиноград ауданына «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы мүшесі, Ақмола облысы көпсалалы аурухананың ТЖ бойынша басшысы Серік Әкпенұлы Аяғанов үгіт-насихат жұмысы аясында алғашқы кездесуін Қосшы ауылында аудан тұрғындарымен кездесуден бастады.

Кездесу барысында Серік Әкпенұлы Аяғанов тұрғындарға үгіт-насихат жүргізіп, жетекші партияның алға қойған мақсаттары жайында айтып, сайлауалды бағдарламада көрсетілген 7 бағыттың шеңберінде өңірде ірі жобалар атқарылатынын жеткізді. Кездесу барысында Ақмола облыстық сайлауалды штабының мүшесі, облыстық маслихат депутаттығына кандидат «Kazyna SR» ЖШС директоры Сайра Әйтенқызы Матайбаева «Nur Otan» партиясының ауданда нақты жоспарлы жұмыстар атқаратынын және партияның алдағы 5 жылдық жоспарын таныстырып, сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын баяндады. Аталған акция күнделікті жалғасын тауып, дәстүрге айналып үлгерген. Сонымен қатар Ақмола облыстық сайлауалды штабының мүшесі, облыстық маслихат депутаттығына кандидат Жаңаесіл ауылы №32 орта мектебінің директоры Талғат Мақтайұлы Құлмағамбетов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындаға басты мақсат - халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау болып табылатындығын ерекше атап өтті.

Серік Әкпенұлы «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтетінін ескеріп өтіп, партияның басты 7 бағыттың дерлігі де «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды мақсат еткен көпшіліктің өзекті мәселелелерін шешу жолдарын да қарастырғандығы жеткізді. Сонымен қатар Серік Әкпенұлы мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға беріліп жатқан жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және баспанаға қол жеткізу секілді көмектер мен қолдаулар бар екенін, оған қалай қол жеткізу керектігін өңірдің әрбір тұрғыны даму және өзін-өзі жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерге ие болатындығын жеткізді.

Өз кезегінде тұрғындар көптеген сұрақ қойып, әлеуметтік мәселелер бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, қаланы қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатындығын айтып, сайлауаалды бағдарламаның 7 басым бағытының негізінде. «Экономикалық тұрақты қала. Жайлы қала. Әлеуметтік қызметке бағдарланған қала. Жастарға арналған қала. Тарих пен мәдениетті дамыту. Ашық және есеп беретін жергілікті атқарушы органдар. Қауіпсіз қала. Халықтың әл-ауқатын жақсартудың бастысы екендігін ерекше атап өтті.

Кездесу аясында партияының сайлауалды бағдарламасынвң жетістікке жетелейтін жеті бағытының басымдылықтарын тұрғындарға баяндаған Серік Әкпенұлы алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстарды тізбелеп берді. «Nur Otan» партиясының бағдарламасында белгіленген міндеттердің өзі тікелей өңірімізді, ауданымызды дамытуға бағытталған.

«Nur Otan» партиясы халықтың өмір сүруін қауіпсіз әрі жайлы ету, экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және жұмыспен қамту үшін, жаңа жұмыс орындарын құруға бар күш-жігерін салады. «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы мүшесі, Ақмола облысы көпсалалы аурухананың ТЖ бойынша басшысы Серік Әкпенұлы Аяғанов Целиноград ауданының тұрғындарын алдағы 10 қаңтар күнгі сайлауда белсенді қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлауалды қорының қаражатынан төленді.

23:08
70
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!