Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Шешілмейтін түйін жоқ!

Шешілмейтін түйін жоқ!

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткер Асқарбек Үйсімбаев Атбасар ауданына келген кезде осылай деді. Ол елімізде партиялар көшін бастап тұрған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын осылайша негіздеп отыр.

Мәжіліс депутаттығына үміткер ең алдымен Атбасар ауданының Полтавка, Покровка ауылдарының тұрғындарымен және «Әріп-Агро» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесуінде өзінің сайлауалды бағдарламасының маңызды бағыттарымен таныстырды. Олар – сапалы жол жөндеу, таза ауызсу, көшелерді жарықтандыру және шағын ауылдарда мектептерді сақтап қалу. Білім ордасы болмаса, ауыл да жойылады. Оны жергілікті халық жақсы түсінеді. Сондықтан да, мектептен бөлек, әлеуметтік, мәдени нысандарды да сақтап қалу міндет. Ауылдың көркі – адам екені белгілі. Осы ретте, оларға жағдай жасалыну қажет. Яғни, көмірі, отыны, жем-шөбі мен малы болса, ауылдың дамып, көркейері де анық.

Асқарбек Үйсімбаевқа ауыл халқының мәселесі жақсы таныс. Өйткені ол ауылда өскен азамат. Жер еміп өскен диқандардың да, малмен отбасын асырап отырғандардың да жағдайы таңсық емес. Ол ең алдымен ауылдарда тұрғын үй салу, мал шаруашылығын дамыту, ет-сүт өндірісін жолға қою, жергілікті халық үшін жұмыс орындарын ашуды көздейді. Мұның барлығы да жастардың ірі қалаларға кетуіне тосқауыл болар еді. Осының барлығын жоғары деңгейде шешу қажет. Ал А.Үйсімбаев шешімі табылмайтын мәселенің жоқтығын шегелеп тұрып айтты.

Бұдан бөлек, Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер ауылдағы механизатор кадрлардың да тапшылығына тоқталды. Ол үшін мектептерде оқыту-өндірістік процесті қайта жандандыру қажеттігін алға тартты. Онда болашақ механизаторлар, комбайнерлер мен басқа да жұмысшы мамандықтарына баулитын еді.

- Әрине, біз қозғап отырған мәселелердің барлығы бірден және тез арада шешіле қоймайды, - деді үміткер халық алдында сөйлеген сөзінде. – Ол үшін белгілі бір уақыт қажет. Ол біздің күн тәртібімізде негізгі мәселе болып тұрады. Ауыл халқының мүддесін көздейтініміз анық.

Бұдан бөлек, Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер А.Үйсімбаев сайлаушылармен Атбасар аудандық мәдениет үйінде және «Nur Otan» партиясының аудандық филиалындажүздесіп, көшбасшы партияға дауыс беруге шақырды. Сонымен қатар, 37 жыл өмірін білім саласына арнаған, 1992 жылы Монғолиядан тарихи Отанына оралған Қазы Бәкейұлы ақсақалдың да шаңырағына барып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. Өйткені «Nur Otan» партиясы халықтың мүддесін көздейді және әрдайым елмен бірге.

Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз! Шешілмейтін түйін жоқ! Ауызбірліктің арқасында жеңіске жетеміз! «Nur Otan»-ға дауыс бер!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Атбасар ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

16:55
262
Нет комментариев. Ваш будет первым!