«Nur Otan» - болашақ бағыты!

«Nur Otan» - болашақ бағыты!

«Nur Otan» партиясы мүшесі, партия депуттаттығына үміткер “Ж. Тәшенов атындағы орта мектеп"КММ директоры Байдилдина Гулнар Мырзахметқызы Аршалы ауданының білім саласы қызметкерлерімен онлайн үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.


Гүлнар Мырзахметқызы “Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Осы уақытқа дейін жасалып жатқан игі істердің басында «Nur Otan" партиясы жүретіні баршаңызға белгілі. Еліміздің көркеюі жолында түрлі бағдарламаларды ұсынып, жүзеге асуын қадағалап отыр. Атап айтатын болсақ, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Дипломмен ауылға»«Болашақ» сияқты атаулы бағдарламалар. Осы бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Ауданымыздың білім, денсаулық, әлеуметтік, мәдениет сала қызметкерлері жас мамандармен жыл санап толығып отырғанын айтты.«Nur Otan» партиясының 7 басты бағытын атай отыра , 2025 жылға дейінгі ауданымызда білім саласындағы жоспарланып отырған жұмыстар жайын да атап өтті. «Nur Otan» партиясының алға қойған басты мақсаттарының бірі, білім саласын жан –жақты, барлық сала бойынша дамытып, сапалы білім беруге жетелеу екендігін атап өтті. Алдағы уақытта ауданымыздың мектептері модификациялық кабинеттермен жабықталуы жоспарда екен атады. Білім саласы бойынша жұмыспен қамту, жетіспейтін мамандар жайы да сөз болды. Сонымен қоса, «Nur Otan» мемлекеттік тіл мен басқа тілдердің дамуын, мәдени әралуандық пен рухани құндылықтарды қолдауды, халықтың дәстүрлері мен әдет –ғұрыптарын сақтауды қолдайтындығы сөз болды.

«Nur Otan» партиясы біздің болашағымызға жол көрсететін тура жол екенін алға тарта отыра, 10- қаңтар күні өтетін сайлауда белсенділік танытуға және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Біз біргеміз! Біз үшін барлық шешімдеріңіз құнды!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

17:43
53
RSS
Нет комментариев. Ваш будет первым!