Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Әр тұрғынның сауалы ескерулі

​Әр тұрғынның сауалы ескерулі

Целиноград ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында «Есіктен есікке» акциясымен үй-үйді аралап, тұрғындармен кездесті. 

Еңбек ардагері Щербицкий Ананий Дмитриевич және ауған соғысы ардагері Иутин Николай Дмитриевичпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп берді. Сонымен қатар акция шеңберінде қоғам қайраткері Ахтанов Канапия Мухамедияұлының, ұстаздар жанұясы Байжуманов Даньяр Маулетұлының шаңырағында, сонымен қатар тыл еңбеккері Ковальчук Вера Митрофановнаның үйлеріне барып, олардың тыныс-тіршіліктерімен танысты. Кандидат бағдарламада қарастырылған алдағы уақытта ауданды дамытуға арналған жеті бағыт бойынша жұмыс жасайтынын айтып, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Қысқаша тоқталар болсақ, ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға іс-қимыл жасалатыны, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй - коммуналдық саласын жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру жайлы сөз болды. Түйінді мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатынын, партияның сайлауалды бағдарламасының өңірдегі оңтайлы істердің жобаларымен таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-тілектері маңызды екенін жеткізіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Акция аясында «Nur Otan» партиясының жобаларына да тоқталып, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» т.б. партиялық жобаларының әрі қарай жалғасатындығын, партия халықтың әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстайтынын жеткізді.

Өңірдегі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер болып тіркелген кандидаттар да партияның сенімі мен үмітін ақтау үшін барынша үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру үстінде. Тұрғындардың басым көпшілігі партияның белсенді мүшелері екенін айтып, партияны бірауыздан қолдайтынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

21:55
244
Нет комментариев. Ваш будет первым!