Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Үміткер тікелей эфирде

Үміткер тікелей эфирде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный Целиноград ауданындағы үгіт-насихат жұмысы бірнеше бағытта ұйымдастырылып, Родина ауылдық округіндегі тұрғындармен кездесулерінен кейін әлеуметтік желі арқылы «Үміткерге сауал қой» атты тікелей эфирмен ұласты.

Осы орайда, «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желідегі тікелей эфирлері «Фейсбук», «Инстаграм» желісінде аудан тұрғындарымен онлаин форматта жүздесіп, сауалына жауабын берді. «Үміткерге сауал қойыңыз» тақырыппенен басталған «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желісінде желі қолданушылар, әрі сайлаушылар, үйден шықпай-ақ ұялы телефонымен желіге қосылып, кандидатқа өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алуға мүмкіндік алды. Жалғасы сұрақ-жауап алмасу форматына жалғасып, тұрғындар тарапынан партияның сайлауалды бағдарламасындағы жұмыстар бойынша, оның ішінде тұрғын-үй коммуналды шаруашылық саласымен жол сапасын арттыру мәселелері жайында сауалдарын жеткізіп, үміткер тарапанына қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Сауалдар әр түрлі тақырыптар жайлы өрбіді. Кандитат П.Н. Безвербный партия сайлауалды бағдарламасында қарастырылған негізгі 7 бағыттың басымдылықтары бойынша да атқарылатын іргелі істерге кеңінен тоқталды. Ең алдымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында Целиноград ауданы тұрғындарына қатысты маңызды бағыттарын атап өтіп, негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталды. Білім саласындағы оңды өзгерістерді де тілге тиек етті. 2021 жылдан 2025 жылға дейін 1 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен 100% қамту, педагогтердің 66,3% - ын аттестаттаудың жаңа жүйесімен қамту. Денсаулық саласы бойынша 2025 жылға дейін 3 ауылда (Жарлыкөл, Жалғызқұдық және Нұресіл ауылдары) медициналық мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге қол жеткізілетіндігі жайлы ауылдарды электр энергиясымен қамту алдағы жылы Р. Қошқарбаев, Тайтөбе ауылдарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, 2022 жылы Қараөткел, Қаражар, Қосшы ауылдарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, 2023 жылы Қоянды, Шұбар ауылдарында электрмен жабдықтау желілерін салу, 2024 жылы Аққайың ауылында электрмен жабдықтау желілерін салу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

Тікелей эфир соңында әр қойылған сауалдар бойынша тиісінше «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылғанын ескере келе, кандидат сауалдарды өз назарына алатындығын жеткізіп, 2021 жылы 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

14:49
599
Нет комментариев. Ваш будет первым!