Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен өткен келелі кездесу

«Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен өткен келелі кездесу

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданы Родина ауылында «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездесу ұйымдастырды.

«Родина» агрофирмасы көпсалалы ауыл шаруашылығы, мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Аталмыш ауылдық округіне Родина, Садовая, Зеленый Гай ауылдары жатады. Ауыл тұрғындарының дерлігі жұмыспен қамтылған. Ең бастысы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуда қолайлы жағдай жасалған. Ауылда жұмысқа тұрған мұғалім, дәрігер, учаскелік полицей және тағы басқа мамандық иелерін агрофирма баспанамен қамтамасыз етеді. «Родина» Агрофирмасының өнімдері өзінің жоғары сапалы өнімдерімен көпшілікке белгілі. Родина ауылы өңірдегі ауылшаруашылық бағытта дамыған жайлы ауыл. Ынтымағы жарасқан ауылдың тұрғындарының берекесі жарасымды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездесу барысында «Nur Otan» партиясының рөлі мен міндеттері туралы кеңінен әңгімелеп, партияның сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырып, басты бағыттарына тоқталып өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный ауыл тұрғындарымен жүздесу барысында ауыл тұрғындарымен, еңбек ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарына жауап беріп, талап-тілектерімен, аманаттарымен танысты. Келелі кездесуде еңбек ұжымына үміткер сайлауалды бағдарламаның жеті бағытында көрсетілген алдағы оң шешімін табатын міндеттерімен, өңірде қолға алынатын жобалармен де таныстырып өтті. Кәсіпкерлік саласында тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес дағдарыс жағдайында айтарлықтай қолдау алғанын жеткізген кандидат Б.Н. Безвербный «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарында өңірдің саяси-экономикалық дамуы бойынша барлық сала қамтылғанын ерекше назар аудартты.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін жыл сайын пайдалану, оның ішінде жобаларды субсидиялау, жобаларға кепілдік беру және грант ұсыну, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын мемлекеттік грант, микрокредит бөлу, «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде 13 жаңа бизнес - жобаны несилеу мақұлданғаны сынды маңызды бағыттар қарастырылғанын атап өтіп, кандидат тұрғындарды толғандырған сауалдарын тыңдап, оларға нақты жауаптар берді. Өз кезегінде тұрғындар партияның сайлауалды бағдарламаларын қолдайтындарын жеткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный партия алдындағы міндеттердің бірі 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру бойынша (жыл сайын орта есеппен 1100-ге жуық) және жалпы жұмыссыздық деңгейін 0,03% - ға дейін төмендету міндеті қойылғанын жеткізіп, аудандағы атқарылатын іргелі істерді тиек етті. Атап айтқанда, Қосшы, Қабанбай батыр, Р.Қошқарбаев, Оразақ, Талапкер ауылдық округтерінің аумағында көкөніс және жем-шөп дақылдары картобының көбірек өнімін алу үшін 5 мың га суармалы жер алаңын кезең-кезеңімен кеңейтуді жақтап шығу, 2025 жылға дейін 7 ауылдық округте (Қоянды, Жаңаесіл, Мәншүк, Софиевка, Приречное, Қабанбай батыр, Арайлы) 35 мал шаруашылығы базасы салынады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу. 5 жыл ішінде 3 ауылдық округте (Арайлы –«Wessar» ЖШС, Қабанбай батыр - «Грин Стар» ЖШС, Талапкер - «Табыс» ӨК) 3 астық қоймасы мен көкөніс қоймасы салынып, қайта жаңғыртылатын болады. Тұқым себу алаңын 2025 жылға қарай 3 репродукциядан төмен емес 90%-ға дейін ұлғайту көзделген. Минералды тыңайтқыштарды қолдану алаңын 2025 жылға қарай 91 мың гектарға дейін ұлғайту. Өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану алаңын 2025 жылға қарай 100% - ға дейін және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жаңа объектілерін ашу үшін жағдай жасау қарастырылған. Бұдан бөлек өңірде 2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен 3 қайта өңдеу кәсіпорны ашылады, оның ішінде «Муртук» ЖШС ет өңдеу жартылай фабрикаттар шығару, 500 басқа арналған «Ен Дала» ЖШС сүт кешенін іске қосу, «Сивка Бурка» ШҚ ет және қымыз өңдеу, 2025 жылға дейін Айбарыс ШҚ бордақылау алаңының фермасын 2000 бастан 5000 басқа дейін кеңейту қолға алынатын болады.

Родина ауылдық округінде өткен үгіт-насихат кездесуінде тұрғындар өз кезегінде партияның сайлауалды бағдарламаларын жан-жақты қолдайтындықтарын бірауыздан құптады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный 2021 жылдың 10 қаңтары күні сайлауға қатысып, азаматтық көзқарастарын танытуларына «Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» деп, партияға дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

14:40
727
Нет комментариев. Ваш будет первым!