Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«ADAL» партиясының өкілдері Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

«ADAL» партиясының өкілдері Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

«ADAL» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, танымал спортшы Ардақ Назаров Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті. Ол Тараз қаласындағы «Тараз-Ғасыр» колледжінің студенттері мен оқытушыларымен еркін форматта әңгімелесті.

Іс-шара барысында Ардақ Назаров «ADAL» партиясының негізгі мақсаттары мен басымдықтары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, кездесу аясында білім беру, дене шынықтыру және спорт және жастардың бос уақыты мәселелері талқыланды.

ҚР ОСК ақпараты бойынша

19:40
382
Нет комментариев. Ваш будет первым!