Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«NurOtan» – жұмыла көтерген жүк жеңіл!

«NurOtan» – жұмыла көтерген жүк жеңіл!

«Nur Otan» партиясы атынан Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарына кандидаттар Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Халыққа қызмет ету» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен және қарапайым халықпен жүздесті. 

Олар сайлаушыларды толғандырып жүрген сауалдарға қатысты жауап беріп, назарға алынатын ерекше тұстарын қалта дәптерлеріне түртіп алды. Мәслихат кандидаттарыныі қатарында «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы»ЖШС бас директорының орынбасары Талғат Жүнісов, «Асыл Арман» ЖШС бас директорының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер Ассоциациясы Ақмола филиалының директоры Умар Шоназаров, көпсалалы облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Аяғанов, Көкшетау теміржол вокзалы станциясының басшысы Роза Арыстанқызы. 

«Раисов А.М.» ЖК директоры Айдын Раисовтар алдағы сайлаудың бір ерекшелігі, мәслихат депутаттарының партиялық тізіммен сайлануы деді. Мұның өзі бұл саяси ұйымның ашықтығын, халыққа жақындығын және халық үшін жұмыс істеп отырғанын көрсетеді. Бүгінгі күні Көкшетау қаласының қаншалықты көркейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Мұның бәрі халықтың игілігі үшін жасалып жатыр. Ал, жұмыла көтерген жүк жеңіл екені белгілі. Бұл елге таралған коронавирус пандемиясы кезінде ерекше көрінді. Барлық жұмысты бірлесіп атқарғанның арқасында біз індетті ауыздықтай алдық деді Роза Арыстанқызы.

Бүгінгі күні облыс орталығында жаңа кәсіпорындар ашылып, отандық өнімге сұраныс артып келеді. Биоотын өндіретін ірі зауыттың құрылысы қолға алынды. Жаңа өндіріс орны ашылса, алтын жүзден астам адам жұмыспен қамтылады. Алдағы бес жылда тағы он жеті кәсіпорын салынбақ.«Nur Otan» партиясының арқасында ауылшаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаратын инвестициялық трейдерлік компанияларды ығыстырдық. 

Соның арқасында ауылда жұмыс істейтін жастарға қолдау артты. Әкімшілік кедергілер азайып келеді дейді Умар Шоназаров. Халық денсаулығын жақсарту жолында жергілікті емдеу мекемелерін соңғы үлгідегі техникамен жарақтандыру, күрделі оталар жасау, ана мен бала денсаулығын бақылауға алу жұмыстары жүргізіліп жатыр деді кандидат Ерлан Аяғанов. 

Халықпен бірге жасалған істердің нәтижелі болары анық. Биыл ақмолалықтар да, көкшетаулықтар да басымызға қиын іс түскенде, індет таралып, тоқырап қалғанда бірден шешім қабылдап, жалғызбасты қарияларға, тұрмысы төмен отбастарына, әлеуметтік аз қамтылғандарға қол ұшын созды. Соның арқасында ешкім қалыс қалған жоқ. Бұл игі істе еріктілер мен жомарт жандардың сүбелі үлесін ерекше атап өткен жөн. Алдағы уақытта да мұндай шарапаты мол шаралар жалғасын табады деді кандидаттар.

«NurOtan» партиясы Көкшетау қалалық сайлау қорынан төленді

18:59
315
Нет комментариев. Ваш будет первым!