Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Ауыл тұрғындарының табысын арттырамыз

​Ауыл тұрғындарының табысын арттырамыз

14 желтоқсанда Жарқайың ауданы мәслихатына үміткерлер Александр Демьянов, Райымбек Муканов және Шымболат Карин, ауданымыздың Тасөткел ауылының «Темірлан» ЖШС алаңында осы серіктестіктің ұжымымен кездесу өткізді.Кездесуде аудандық мәслихат депутатына үміткерлер, тұрғындарды «Нұр Отан» партиясының бағдарламаларымен таныстырды. 

Олар: Экономикалық тұрақты аймақ, Ыңғайлы аймақ, Әлеуметтік-бағытталған аймақ, Жастар үшін аймақ, Бай тарихы мен мәдениеті бар аймақ, Ашық және есеп беретін жергілікті органдар, Қауіпсіз аймақ.

"Nur Otan" партиясы облысты дамытудың осы 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.

Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Кездесу барысында Nur Otan партиясына депутаттыққа үміткерлер, ауыл тұрғындарының табысын арттырыру үшін, ауданда мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа озық технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру бойынша жұмыс жалғастырылатынын айтты. Бұл үшін "Nur Otan" партиясы: 2023 жылы Тасөткел ауылында 100 басқа арналған сүт-тауар фермасын ("Темірлан" ЖШС), 2024 жылы Львов ауылында 100 басқа арналған бордақылау алаңын ("Осана Агро" ЖШС) салу, 2021 жылы Державинск қаласында қуаты 5 мың тонна желілік элеватор салу ("Агро Прод Жаркаин"ЖШС), 2024 жылы Құмсуат ауылында көкөніс қоймасын 2-ден 3 мың тоннаға дейін кеңейту ("Тура Агро" ЖШС»), Тасөткел ауылында қуаты тәулігіне 3 тоннадан 17 тоннаға дейін сүт зауытының құрылысы ("Темірлан" ЖШС»), 2025 жылға дейін тұқым себу алаңдарын 3 репродукциядан төмен емес тұқыммен 90-ға дейін ұлғайту%, 2025 жылға қарай минералды тыңайтқыштарды қолдану алаңын 149,0 мың га дейін ұлғайту, өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану алаңын 633,1 мың га дейін ұлғайту, 2025 жылға қарай суармалы жерлерді іске қосу 0,7 мың га, 2021 жылдан 2025 жылға дейін 35 ет фермасын құруды көздейді.

Жоғарыда айтылған жоспарлардың жүзеге асуы үшін "Nur Otan" партиясына депутаттыққа үміткерлер ауыл тұрғындарын 2021 жылдың 10 қаңтарында "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

«Нұр Отан»партиясының Ақмола облысы Жарқайың ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

21:16
336
Нет комментариев. Ваш будет первым!