Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ауданымызды - қауіпсіз әрі жайлы етуге күш саламыз!

Ауданымызды - қауіпсіз әрі жайлы етуге күш саламыз!

2020 жылы біз үшін сынаққа толы жыл болды. Әлемдік пандемия көзқарасымызды, бағытымызды айқындады. Еліміз карантиндік шектеулерге байланысты қиындықтарға тап болғандығы баршамызғы мәлім. 


Қиындықтарға қарамастан "Nur Otan" партиясы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтап қалуға, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетуге дайын партия.

Пандемия еліміздің экономикамызға кері әсерін тигізді, соған қарамастан "Nur Otan" партиясы халықтың әлеуметтік осал топтарына , мәжбүрлі еңбек демалысына шыққан азаматтарға, аз қамтылған отбасыларға материалдық жағынан қол ұшын созды.

Сонымен қатар, "Nur Otan"партиясы спорт саласына да ерекше көңіл бөледі. Ереймен елінен талай спорт саңлақтары үлкен спортқа жолдама алып жүргені бәрімізге дәлел . Ауданымызда шаңғы туризімін дамыту мәселесі қолға алынады.

"Nur Otan"партиясының бағытталған жұмыстары өте көп. Алға қойған мақсаттардың орындалуына себепкер болатын - сіздің сеніміңіз бен даусыңыз!

Дұрыс таңдау жасап, "Nur Otan" партиясын қолдаңыз!

"Nur Otan" партиясының Ақмола облысы Ерейментау ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді

17:48
434
Нет комментариев. Ваш будет первым!