Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Nur Otan» партиясы халық сенімін ақтайды

«Nur Otan» партиясы халық сенімін ақтайды

«Nur Otan» партиясының мүшесі, партия депутаттығына үміткер «Ж. Тәшенов атындағы орта мектеп» КММ директоры Байдилдина Гүлнар Мырзахметқызы және «Аршалы ауданы жастар орталығы» директоры, «Nur Otan» партиясының мүшесі, партия депуттағына үміткер Жанабергенов Актан Талғатұлы өздерінің үгіт насихат жұмыстарын бастап кетті. Кездесу аудан тұрғындарымен онлайн форматта өткізілді. Алдағы 2025 жылға дейінгі жоспарланған жұмыстар барысымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, Байдилдина Г.М. «Nur Otan» партиясының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту барысында құрылған 7 басым бағыттарымен таныстыра отырып, аудан жұртшылығын алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда ауылды, елді мекендерді көркейту барысында «Nur Otan» партиясының халық игілігі үшін жасалыпжатқан жұмыстарына да тоқтала кетті. Ауданымыздың Жібек жолы, Жалтыркөл,Анар ауылдарында жалпы білім беретін мектеп салу жоспарланып отырғанын, 2025 жылға дейін 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арнапсалынатын бала бақша санын ұлғайту көзделіп отырғанын да мәлімдеді. Сонымен қатар, жұмыспен қамту және жетіспейтін мамандаржайы да сөз болды. Білім беру саласында жұмыс атқарғандықтан, аудан мектептеріне қажетті жаңа модификациялық кабинеттермен қамту жайы, жас мамандарды ауылды жерлерге тарту мақсатында қарастырылған бағдарламалармен және мұғалімдер тапшылығын төмендету жайын да айтып өтті.

Жанабергенов А.Т. «Аршалы ауданы жастар орталығы» директоры«Жас мамандарды ауданымызға тарту үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмыстардың жоспарланып отырғанын да айтты. Сонымен қатар, ауданымызды газ жылу жүйесі, ауыз сумен қамту жайына да жеке тоқталды.

«Nur Otan» партиясы халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біз сіздерді дұрыс таңдау жасауға және сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз. Біздің басты міндетіміз, әр бір тұрғынның сенімін ақтау, сол себепті 10- қаңтар сайлау күні сіздерді дұрыс таңдау жасайды деген сенімдеміз.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

11:52
699
Нет комментариев. Ваш будет первым!