Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау

​Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау

«Nur Otan» партиясы Астрахан аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың бірнеше бағытын айқындады. Сайлауалды бағдарламаның басты мақсаты - халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау. Өйткені өңіріміздің басты бағыттарының бірі - ауыл шаруашылығының, табиғат және жергілікті тұрғындар болып табылады.

Бүгінгі күні Астрахан ауданы көптеген жаңа оқиғаларға толы. Мемлекет ауылды дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Оның басты басымдығы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту болып қала береді. Дәл осы бағытта біз соңғы бірнеше жылдары облыстық және аудандық бюджет есебінен былтырғы және биылғы жылы объектілер іске қосылып, көптеген ғимараттарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бюджеттен аудандық мәдениет үйі, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің залы, Жалтыр ауылының дәрігенрлік амбулаториясы жөнделді, бүгінгі күні Астрахан орталық аудандық ауруханасы күрделі жөндеу жұмыстары өз мәресіне жетіп келеді. Үлкен, әрі жарық «Жастар» спорт кешені салынды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында маңызы өте зор қазандық, бірқатар орталық көшелер, тротуарлар, демалыс саябақтары ретке келтірілді, жалпы алғанда аудан орталығымыздың келбеті айтарлықтай өзгерді десек болады.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілері салыстырмалы түрде құрғақ жылы жүргізген агротехникалық шаралар кешенінің нәтижесінде аудан бойынша жақсы өнім жиналды. Ауданда мал шаруашылығын одан әрі дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – «Өрнек-2005» ЖШС 100 бас асыл тұқымды ІҚМ сатып алу үшін 50,0 млн.теңге сомасында, «Толқынкөл» ЖШС қой, жем және техника сатып алуға 19,8 млн. теңге сомасында несие алды.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша былтырғы жылы ауданымыздың 3 ауылындағы су құбыры құрылыстарының алаңына күрделі жөндеу жүргізілетін болды.

Мемлекет әрбір отбасына қолжетімді болуы тиіс жаңа тұрғын үй құрылысын белсенді түрде қолдап отыр. Келер 2021 жылы аудан орталығында жаңа тұрғын үй құрылыс жұмыстары басталады.

Сондай-ақ ауданда денсаулық сақтау саласындағы жас мамандарының тапшылығы бар. Осыған байланысты жыл сайын әкімнің грантын бөлу есебінен дәрігерлерді оқытуды жоспарлап отыр, жыл сайын жалға берілетін тұрғын үйді ұсына отырып, көтерме ақы төлей отырып немесе тұрғын үй

сатып алуға несие бере отырып, екі жас маманды тартуға жәрдемдесетін боламыз.

Сондай-ақ, біз мүмкіндігі шектеулі балалар үшін кедергісіз қолжетімділік жасау арқылы білім беру қызметтерінің қол жетімділігі мен артуына ықпал ететін боламыз, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды сақтаймыз және 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды пайызын арттыру жөнінде шаралар қабылдаймыз. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық»партиялық жобаларын іске асыру арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға тең мүмкіндіктер жасаймыз.

Ауданның сауда нүктелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына меморандумдар жасай отырып, бағалар мен тарифтерді тежеуді қамтамасыз етеміз.

Біз түрлі акциялар, спорттық, тақырыптық іс-шаралар өткізу есебінен отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын боламыз.

Сондай-ақ, жақын арада «Бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 95%-ға жеткізу, аудан әкімінің, жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен, оның ішінде ауылдық елді мекендерге бару арқылы «Ашық есік күнін» өткізу тәжірибесін жалғастыру арқылы мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындары арасындағы өзара қарым-қатынастардың мүлдем жаңа сипатын қалыптастыратын боламыз.

«Nur Otan» партиясы құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесетін болады.

Біз ауданымыздың дамуы мен гүлденуі үшін идеялармен алмасуға және барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен кең ынтымақтастықта болуға дайын екендігімізді және ашықтығымызды мәлімдейміз.

«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастырады.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Астрахан ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

21:53
597
Нет комментариев. Ваш будет первым!