«Ауыл» партиясының өкілдері «Шымкент Кашемир» зауытына барды
ҚР Парламент Мәжілісіне кандидаттар бастаған "Ауыл" партиясының үгіт-насихат тобы Шымкент қаласының маңындағы "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында орналасқан "Шымкент Кашемир" жүн өңдеу зауытына барды.
Кездесу барысында кәсіпорын басшысы Шағанбек Қанжарбайұлы «Ауыл» партиясы ұсынған бастамалары қалыптасқан мәселелерді, яғни зауыт құрылған сәттен бастап қол байлау болған және жобалық қуатын толық пайдалануға мүмкіндік бермей отырған тетіктерін көздейтінін айтты.
Атап айтқанда, «Ауылдықтардың» АӨК субъектілерін ҚҚС-тан босату жөніндегі ұсыныстары жұқа және жартылай жұқа жүн сатып алу процесін көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді.
«Шымкент Кашемир» ЖШС жұмыскерлерін партияның коммуналдық қызметтерге, бірінші кезекте, өндірістік сектордың кәсіпкерлері үшін электр энергиясына тарифтерді субсидиялау жүйесін енгізу жөніндегі бастамасы ерекше қуантты. Өйткені, мұндай шара зауытқа шығындарды үнемдеуге және үнемделген қаржыны жалақыны көтеруге мүмкіндік береді.