Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Халықтың әл-ауқатын жақсартамыз!

Халықтың әл-ауқатын жақсартамыз!

«Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық филиалының саяси партиядан облыстық және қалалық мәслихатқа кандидаттар Орталық базар аумағында жеке кәсіп иелерімен және жергілікті жұртшылықпен жүздесті. Өздерінің сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыт – халықтың әл-ауқатын арттыру, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету екенін алға тартқан үміткерлер халықты дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Қалалық мәслихат депуттағына кандидаттар «Жолаушылар тасымалы ассоциациясы» ҚЗТ төрағасы Рүстем Қалышев пен «Ақмола облысы кәсіпкерлер ассоциациясы» АҚБ төрағасы Мәриям Әбішевалар нақты істердің басы-қасында жүріп, халықтың жағдайын назарда ұстап отырған «Nur Otan» партиясына дауыс беру арқылы көп мәселені шешуге болады деді. Себебі, басына іс түскен кез келген азамат алдымен осы саяси партияның көмегіне жүгінеді. Көп жағдайда олардың мәселесі шешіліп, оң нәтижеге қол жеткізіліп келеді. Алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында жұмыс істей бермек. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС директоры Асен Жақсылықов, «Той Дастархан» ЖШС жетекшісі Елена Мащинскаялар тоқырау жылдары жеке кәсіп иелерінің басынан кешкен қиындықтарына тоқталып, қазіргі уақытта оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау-көмек жайлы айтты. Қарапайым халықтың жеке кәсібін ашып, жағдайын түзеуіне барлық жағдайлар жасалып жатыр. Тек нақты іске көшу керек. Кандидаттарға сауалдарын жолдаған жұртшылық өздерін толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салып, шешім табуын сұрады.

«Nur Otan» партиясының Көкшетау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

16:20
342
Нет комментариев. Ваш будет первым!