Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​«Nur Otan» партиясы - әрдайым халықпен бірге!

​«Nur Otan» партиясы - әрдайым халықпен бірге!

Жақсы ауданында 2020 жылдың 11 желтоқсанынан «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, Қазақстан Конституциясына сәйкес үгіт-насихат сайлауға бір күн қалғанда, яғни 9 қаңтарға дейін жалғасады.

«Nur Otan» партиясының аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Жақсы Аумақтық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Пішембаева Данагүл Савелқызы мен "Белағаш" ЖШС директорының орынбасары Соколон Наталья Владимировна, Чапаев ауылының тұрғындарымен үгіт - насихат кездесуін өткізді. Кандидаттар ауыл тұрғындарын Жақсы аудандық «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен толық таныстырды. Кездесу барысында ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, келіп түскен жазбалары мен ұсыныстарын енгізді.

«Nur Otan» партиясының ең басты мақсаты – ұлт Тәуелсіздігінің тірегі болу, ел еркіндігін нығайта түсуге күш салу болып табылады. Өйткені, нұрлы болашаққа жол бастаған «Нұр Отан» – бүгін де халқының қамын, жұртының мұң-мұқтажын, жастардың болашағын әріден ойлаған жетекші партия.

Кандидаттар ауыл халқына партияның басты мақсатын түсіндіре отырып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге, бірлікке шақырды. Сондықтан халықтың үніне құлақ асатын, нақты істер партиясын қолдайық!

"Nur Otan" партиясы- әрдайым халықпен бірге!

«Nur Otan» партиясының Жаксы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

23:20
736
Нет комментариев. Ваш будет первым!