Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Шортанды аудандық Бектау ауылдық округі және Пригородное ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат кездес

Шортанды аудандық  Бектау ауылдық округі және Пригородное ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат кездес

Шортанды аудандық сайлауалды штабында онлайн режимінде мәслихат депутаттығына кандидаттардың Бектау ауылдық округі және Пригородное ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

Оған кәсіпкер Ирина Жукова, өзін-өзі жұмыспен қамтыған Гүлнұр Сәдуақасова, "Шортанды СУ" ШЖҚ МКК басшысы Әсет Мұқанов, "Жылжымайтын мүлік орталығының" Шортанды бөлімшесінің директоры Ермек Байсеркеев, Шортанды ауданының "Айям-7" ЖШС директоры Алмаз Есенгелдіұлы Мұхамедияев қатысты.

Кездесу барысында кандидаттар аудандық сайлауалды штабының жұмысы туралы хабардар етті, оның құрамына аудан тұрғындары арасында беделді және құрметке ие 40 адам, сондай – ақ мәслихат депутаттығына 22 кандидат кірді. Штабтың 12 мүшесінің электоралдық науқандарды өткізу тәжірибесі бар. Сонымен қатар, штаб жанынан ауданымыздың жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының міндеттері шортандылықтардың негізгі сұраулары мен ұмтылыстарын қамтып, қоғамның өзекті мәселелеріне жауаптарын қамтиды. Онда аудан дамуының жеті басым бағыттары айқындалған, олар бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған.

Онлайн-кездесу барысында мәслихат депутаттығына кандидаттар ауылдық елді мекендер тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

«Nur Otan» партиясының Шорданды ауданын Сайлау қорының қаражатынан төленді

19:39
620
Нет комментариев. Ваш будет первым!