Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​"Nur Otan" партиясына бірге дауыс береміз!

​"Nur Otan" партиясына бірге дауыс береміз!

Шортанды ауданы - Астана маңына жақын орналасқан аудан, жалпы Ақмола облысының дамуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты.

Шортанды ауданының "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында аудан дамуының осы 7 басым бағыты айқындалған, олар бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған.

1.Экономикалық тұрақты ауыл.

"Nur Otan" партиясының бағдарлары – экономиканың басым салаларын: өнеркәсіп, АӨК, Құрылыс және туризмді тұрақты экономикалық дамыту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру.

2. Жайлы аудан

Елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, тұрғын үй - коммуналдық саланы жақсартуға бағытталған "Ауыл - ел бесігі" жобаларын іске асыру жалғасады.

3.Әлеуметтік бағытталған аудан.

Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты - бұл өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші.

Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға күш саламыз.

4. Жастарға арналған аудан

Жастар - әрбір мемлекеттің болашағы. Шортанды ауданында 6 мыңнан астам жастар тұрады.

"Nur Otan" партиясы мен оның "Jas Otan" жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде тарту және нығайту, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуы, оның әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау

5.Тарих пен мәдениетті дамыту.

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім - Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. "Nur Otan" партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтауды және көбейтуді қолдайды. Бүгінде Шортанды ауданында 20-дан астам ұлт өкілдері тұрады, 2 этномәдени бірлестік тіркелген - "Дала өлкесіндегі казактар одағы" филиалы және"Поляне".

6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.

Ауданның табысты дамуының кепілі проблемаларды шешу үшін ортақ мүдделерімен біріккен азаматтардың белсенділігі болып табылады. Бізге жергілікті атқарушы органдар мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастың мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есептілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуға тиіс.

7. Қауіпсіз аудан

"Nur Otan" партиясының міндеті - ауданды өмір сүруге жайлы етіп қана қоймай, қауіпсіз ету. Ол үшін қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында "Қауіпсіз аудан" бағдарламасы әзірленді. Сондай-ақ, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейін 2025 жылы 100% - ға дейін ұлғайту.

"Nur Otan" партиясына бірге дауыс береміз!

«Nur Otan» партиясының Шорданды ауданын Сайлау қорының қаражатынан төленді

20:34
577
Нет комментариев. Ваш будет первым!