Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​«Ақ жолдың» үміткерлері үгіт-насихат жұмыстарын бастады

​«Ақ жолдың» үміткерлері үгіт-насихат жұмыстарын бастады

Сайлау алдындағы сапарлары аясында «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы және депутаттыққа кандидат Азат Перуашев әріптестерімен бірге Нұр-Сұлтандағы автомобиль жөндеу зауытында болды.

Кездесу барысында Азат Перуашев жұмысшылармен бизнесті қолдауға және жұмыс орындарын сақтауға қандай шаралар көмектесетінін талқылады.

Сонымен қатар, зауыт жұмысшыларымен еркін экономикалық аймақтардағы кәсіпорындарды 10 жыл бойы салық төлеуден босату идеясы, сондай-ақ 5 жылдан астам жұмыс істеген кәсіпорындарға 50% инвестицияларды қайтару мүмкіндігі талқыланды.

Саясаткерлер өз кезегінде зауыт жұмысшыларының салық амнистиясы туралы пікірін тыңдады.

20:22
602
Нет комментариев. Ваш будет первым!