Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Нұр-Сұлтан қ. ХДП «Ауыл» партиясының республикалық қоғамдық штабы жұмыс істей бастады

Нұр-Сұлтан қ. ХДП «Ауыл» партиясының республикалық қоғамдық штабы жұмыс істей бастады

Нұр-Сұлтан қаласында Халықтық-демократиялық патриоттық «Ауыл» партиясының республикалық қоғамдық штабы жұмыс істей бастады.

«Ауыл» ХДПП-ның өкілі Али Бектаев алғы сөзінен соң, кампанияның сайлауалды үгіт-насихат жүргізудегі негізгі бағыттарға тоқталды.

«Ауыл» партиясынан партиялық тізімге барлығы 625 кандидат депутаттыққа үміткер ретінде өтті.

Үгіт насихат науқанына еліміздің 14 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар 3 қаласынан кампанияның 17 өңірлік штабы жұмыс істеуде.

Бұдан бөлек, әрбір аудан орталықтарында аумақтық штабтар ашылап, жұмыс істеуде.

Үгіт-насихат науқанында онлайн режимде сайлаушылармен кездесулер, аймақтарда акциялар мен дебаттар, флешмобтар өткізу жоспарланған.

Әр түрлі деңгейдегі депутаттыққа үміткерлер «Ауылдан ауылға» акциясын бастайды.

17:59
555
Нет комментариев. Ваш будет первым!