Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Халық үшін қызмет істейміз

​Халық үшін қызмет істейміз

Дәл осындай уәдесін берген «NurOtan» партиясы Ақмола облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар Бурабай ауданындағы «Орленок» ЖШС директоры Павел Безвербный, Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсінбаев және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев қазірдің өзінде халқына қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтар. Бірі жас ұрпақтың денінің сау болуынан мүдделі болса, енді бірі білімді жастардың қатарының көбеюіне үлес қосуда, ал енді бірі ауыл-аймақтың ахуалын жақсартуға тырысып келеді.

«Кәсіпкер» бастауыш партия ұйымы өкілдерімен кездесу барысында сұрақтан гөрі, ұсыныс-тілектер көп айтылды. Ақмолалықтар Көкшетау қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуға назар аударса дейді.

Жолаушылар тасымалы мекемесінің жетекшісі Рүстем Қалышев D және D1 категориялы жүргізушілер жоқтың қасы деді. Бүгінгі таңда бір ғана облыс орталығында 200-ден астам жүргізуші жетіспейді. Күні ертеңдері қазіргі жүргізушілер зейнетке шықса, жолаушыларды тасымалдайтын адам қалмайды. Кездесу барысында өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына көңілі толмайтын кәсіпкерлер қатары көп екені айтылды. Себебі, соның салдарынан қаншама кәсіп иесі шығынға ұшырады. Халық денсаулығы басты назарда екені де шындық. Дегенмен жаппай аурудың таралуын болдырмаудың жалғыз алғышарты осы болып тұр. Сондықтан кәсіп иелеріне әзірше қызмет түрін өзгерту ұсынылды. Кандидаттар барлық ұсыныс-тілектерді тыңдап, алдағы уақытта шешімін табу жолында жұмыс істеуге уәде етті. 

«Nur Otan» партиясының Ақмола олысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

11:56
583
Нет комментариев. Ваш будет первым!