Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Кадр тапшылығын жоямыз

Кадр тапшылығын жоямыз

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар Бурабай ауданындағы «Орленок» ЖШС директоры Павел Безвербный, Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсінбаев және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев «Көкшетау автобус паркі» ЖШС қызметкерлерімен жүздесті. 

Өздерінің сайлауалды бағдарламасымен бөліскен кандидаттар басты мәселе, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс жағдайын түзеу, денсаулығына көңіл бөлу, жас мамандарға қолдау көрсету екенін алға тартты. Өз кезегінде сұрақтарын қойған мекеме қызметкерлері соңғы уақытта азық-түліктің бағасы қымбаттап кеткенін айтты. Осы мәселеге баса назар аударылса деген тілектерін жеткізді. Жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелердің басты проблемасы –жас жүргізушілердің жоқтығы. Жастар бұл салада жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан D және D1 категориялы жүргізушілердің бәрі дерлік зейнет жасындағы адамдар. 

Кандидаттар да бұл мәселенің бар екенін жоққа шығармайды. Шынында да бұл өзекті мәселенің бірі. Соңғы жылдары техник мамандардың да азайып кеткені алаңдаушылық тудырады. Сол себепті кіші инженер мамандарды дайындайтын оқу орындарына қамқорлықты күшейтіп, жастардың қызығушылығын тудыратындай жағдай жасау керек. Стипендия көлемін арттырып, осындай мамандықтарға жастарды көптеп тартуға ықылас танытқан абзал. 

Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсінбаев өзі басқарып отырған аймақта механизатор мамандар азайып кеткенін алға тартты. Бұрын жастар тракторшы, механизатор мамандықтарына оқытылып, совхоздың атынан стипендия алып, кейін өз ауылына барып еңбек ететін. Қазір бұл үрдіс жоғалып барады. Сондықтан әр ауылда құрылған шаруа қожалықтарының иелері осы бағытта жұмыс істеп, өздеріне қажетті мамандарды дайындауға мүдделі болуы тиіс. Кандидаттар осы және тағы да басқа мәселелерді назарға алуға уәде етті. Олар өз сөздерінде нағыз халықтық ұйым «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды. Себебі, бұл партия қашанда халықпен бірге!

«Nur Otan» партиясының Ақмола олысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

10:48
451
Нет комментариев. Ваш будет первым!