Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Кандидаттармен кездесу

Кандидаттармен кездесу

Ауылды көркейтіп, балалар денсаулығына баса назар аударамыз.


Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында «Nur Otan» партиясы атынан 2021 жылы өтетін сайлауға үміткер ретінде қатысып отырған Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев пен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев «Мәдениет» бастауыш партия ұйымыныңмүшелері, яғни мәдениет және өнер саласының өкілдерімен жүздесті. Алдымен сөз алған Асқарбек Сиязбекұлы талай жылдан бері ауыл-аймақты басқарып, мол тәжірибе жинақтағанын және ауыл адамдарының шешімін күткен мәселелерін жақсы білетінін айтты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында кандидат ауылдық жерлерді ауыз сумен қамту, жолдарды жөндеу, малға қажетті жемазықты уақытында жеткізіп беру, мектеп, балабақша салу және жергілікті емдеу мекемелерін коронавирусқа қарсы күресетін құрылғылармен жабдықтау жайын шешуді мақсат тұтады. Сондай-ақ, ауыл адамдарының рухани дамуы да аса маңызды. Осы күнге дейін Сандықтау ауданында 5 ауылдың клубтары күрделі жөндеуден өтіп, қирағандары қалыпқа келтірілген. Келесі жылы тағы 2 клуб жөнделетін болады. Сонымен қатар тоқырау жылдары жылудан ажыратылған 2 қабатты ескі үйлердің тұрғындарының мәселесін шешу өзекті. Асқарбек Үйсінбаевтың айтуынша, жоспар бойынша 11 осындай үйлерді жылу жүйесіне қосу жоспарланып, қажетті құжаттары дайындалды. Енді бюджеттен ақша бөлінсе, келесі жылы бұл жұмыстар қолға алынады. Кандидат «Nur Otan» партиясы халықтың мұң-мұқтажына назар аударатын және үнемі шешімін табуға қолұшын созатын ұйым екенін алға тартып, алдағы сайлауда нақты істің басында жүрген ұйымға дауыс беруге шақырды.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев та «Nur Otan» партиясы атынан сайлауға түсіп отыр. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында облыс орталығын көркейту, абаттандыру, жастардың ұйымдарын осы іске жұмылдыруға назар аударады. Сонымен қатар басты шешімін күткен мәселе, денсаулығында кінәраты бар балалардың жағдайын шешу. Яғни, ол өзінің учаскесінде осындай баласы бар ата-аналардың қиналып жүргенін біледі. Сол себепті алдағы уақытта арнайы орталық ашқысы келеді. Ол орталықта денсаулығында кінараты бар балалар тәрбиеленетін болады. Сондай-ақ, Мәди Сағынтайұлы қаланың экологиялық мәселесін де шешуге ат салыспақ. Сөзін түйіндей келе, кандидат халыққа қашанда ашық «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда дауыс беріп, дұрыс шешім қабылдауға шақырды.   

«Nur Otan» партиясының Көкшетау қаласы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Оплачено из средств Избирательного фонда г. Кокшетау партии «Nur Otan»

14:37
805
Нет комментариев. Ваш будет первым!