В Акмолинской области почти 80% новых случаев ВИЧ выявлены среди людей в возрасте от 30 до 59 лет
Ақмола облысында АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының 80%-ға жуығы 30–59 жас аралығындағы адамдар арасында анықталды
Ақмола облысында АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының 80%-ға жуығы 30–59 жас аралығындағы адамдар арасында тіркелген. Бұл туралы жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары хабарлады.
2026 жылдың он айында өңірде 105 адамнан АИТВ-инфекциясы анықталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 жағдайға аз. Сонымен қатар, вирустың негізгі жұғу жолы бұрынғысынша жыныстық қатынас арқылы жұғу болып отыр – тіркелген жағдайлардың 85%-ы осы жолға тиесілі.
Жас ерекшеліктеріне қарай бөлінуі ерекше назар аудартады. Атап айтқанда, жағдайлардың 59%-ы 30–49 жас аралығындағы адамдарға, тағы 20%-ы 50–59 жас аралығындағы жас тобына тиесілі. Ал 20–29 жас аралығындағы жастар арасында бұл көрсеткіш 10,5%-ды құрайды.
Бұл деректер АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері халықтың әртүрлі жас топтары үшін өзекті екенін көрсетеді. АИТВ-инфекциясы негізінен жастарға немесе жекелеген әлеуметтік топтарға ғана қатысты деген кең таралған түсінік нақты эпидемиологиялық жағдайды көрсетпейді.
«Уақтылы тестілеуден өту инфекцияны ерте кезеңде анықтауға және емдеуді бастауға мүмкіндік береді. Антиретровирустық терапияны дер кезінде бастау ауруды бақылауға, өмір сапасын сақтауға және вирустың одан әрі таралуының алдын алуға көмектеседі», – деп атап өтті Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы- Рүстем Молдағали.
Айта кетейік, АИТВ-ға тестілеуден тіркелген жері бойынша емханада, сондай-ақ Ақмола облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында тегін және құпия түрде өтуге болады. 16 жастан асқан кәмелетке толмағандар ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің қатысуынсыз өз бетінше медициналық тексеруден өтуге келісім беруге құқылы.
АИТВ-инфекциясын емдеу мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.
Айта кету керек, өңірде халықпен ақпараттық кездесулер өткізу, жедел тестілеу акцияларын ұйымдастыру, халықтың негізгі топтары арасында алдын алу бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ қоғамдық орындарда әлеуметтік жарнамаларды орналастыру және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтитын кешенді алдын алу жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі.
«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, журналистер қауымдастығын орталықтың медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбын кеңінен жариялауға көмектесуге шақырғым келеді. Бұл ретте артық сенсацияға жол бермей, нақты деректерге сүйеніп, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау маңызды», – деп атап өтті орталықтың басшысы.
Брифинг соңында мамандар АИТВ-ға тұрақты түрде тестілеуден өтудің және қауіпсіз жыныстық мінез-құлық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын еске салды. Алдын алудың негізгі шараларына жыныстық өмірді ерте бастаудан бас тарту, өзара адалдық пен тұрақты жыныстық серіктестік, сондай-ақ жыныстық қатынастың барлық түрінде мүшеқаптарды пайдалану жатады.
В Акмолинской области почти 80% новых случаев ВИЧ выявлены среди людей в возрасте от 30 до 59 лет
В Акмолинской области почти 80% новых случаев ВИЧ-инфекции приходится на людей в возрасте от 30 до 59 лет. Об этом сообщили специалисты Областного центра по профилактике ВИЧ-инфекции на брифинге в Региональной службе коммуникаций, приуроченном ко Всемирному дню борьбы со СПИДом, который ежегодно отмечается первого декабря.
За десять месяцев 2026 года в регионе ВИЧ-инфекция выявлена у 105 человек, что на три меньше, чем за аналогичный период прошлого года. При этом основным путём передачи вируса по-прежнему остаётся половой — на его долю приходится 85% зарегистрированных случаев.
Особого внимания заслуживает возрастная структура. Так, 59% приходится на людей в возрасте от 30 до 49 лет, ещё 20% — на возрастную группу 50–59 лет. В то же время среди молодых людей от 20 до 29 лет этот показатель составляет 10,5%.
Эти данные свидетельствуют о том, что вопросы профилактики ВИЧ-инфекции актуальны для различных возрастных групп населения. Распространённое представление о том, что ВИЧ касается преимущественно молодёжи или отдельных социальных групп, не отражает реальной эпидемиологической ситуации.
«Своевременное тестирование позволяет выявить инфекцию на ранней стадии и начать лечение. Вовремя начатая антиретровирусная терапия помогает контролировать заболевание, сохранять качество жизни и предотвращать дальнейшую передачу вируса», — отметил и. о. главного врача Акмолинского областного центра по профилактике ВИЧ-инфекции Рүстем Молдағали.
К слову, пройти тестирование на ВИЧ можно бесплатно и конфиденциально в поликлинике по месту прикрепления, а также в Акмолинском областном центре по профилактике ВИЧ-инфекции. Несовершеннолетние с 16 лет вправе самостоятельно дать согласие на обследование без участия родителей или законных представителей.
Лечение ВИЧ-инфекции обеспечивается за счёт государства.
Стоит отметить, что в регионе на постоянной основе проводится комплексная профилактическая работа, включающая информационные встречи с населением, акции с экспресс-тестированием, реализацию профилактических программ среди ключевых групп населения, а также размещение социальной рекламы в общественных местах и информационную работу в СМИ и социальных сетях.
«Пользуясь случаем, хочу призвать журналистское сообщество помочь нам, медицинским работникам центра, шире освещать тему профилактики ВИЧ-инфекции — без лишней сенсационности, с вниманием к фактам и уважением к людям, живущим с ВИЧ», — подчеркнул руководитель центра.
В завершение брифинга специалисты напомнили о важности регулярного тестирования на ВИЧ и соблюдения принципов безопасного полового поведения. Среди основных мер профилактики — отказ от раннего начала половой жизни, взаимная верность и постоянство половых партнёров, использование презервативов при любых видах сексуальных контактов.
