Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Жас отбасыларға баспана, ауылға жұмыс орындары – «Әділет» кандидаттары сайлаушылармен жүздесті

​Жас отбасыларға баспана, ауылға жұмыс орындары – «Әділет» кандидаттары сайлаушылармен жүздесті

Ақмола облысында сайлауалды үгіт-насихат науқаны қарқын алды. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындармен жүздесіп, бағдарламаларын таныстырып, Президент Жолдауында өңірге қатысты белгіленген міндеттерді түсіндіріп жүр. «Алтынтау Көкшетау» кәсіпорнында қолжетімді баспана, мектептер мен жолдардың жайы сөз болды. Ал Астрахан ауданының Каменка ауылында «Байду-Агро» ЖШС ұжымымен ауыл тұрмысын жақсарту, шаруашылықтарды қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

Өңірдегі ірі тау-кен кәсіпорындарының бірі «Алтынтау Көкшетаудың» еңбек ұжымымен «Әділет» партиясынан ұсынылған Берген Беспалинов пен Умар Шоназаров және сайлауалды штаб мүшесі Айгүл Сабитова кездесті. Әңгіме барысында жас отбасылардың баспанаға қол жеткізуіне айрықша көңіл бөлінді. Берген Беспалиновтың айтуынша, партия бағдарламасында әр адамға шаққанда 30 шаршы метр тұрғын үймен қамтамасыз ету межесі белгіленген. Ол жаңа баспана салу мен ескі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары облыс орталығында да, аудандарда да жүруі керектігін айтты.

«Президент 2027 жылды Жалпыхалықтық құрылыс жылы деп жариялады. Бұл – еліміздің, соның ішінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін айрықша маңызға ие бастама. Осы бағыт аясында білім беру, спорт және мәдениет салаларында жаңа нысандар бой көтереді. Бұл тек ғимараттар салу мен инфрақұрылымды дамыту ғана емес, ең алдымен, тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ашу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыру деген сөз», – деп атап өтті «Әділет» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов.

Президенттің қала мен ауылдағы білім сапасын теңестіру жөніндегі міндетіне тоқталған Беспалинов соңғы үш жылда облыста 13 жаңа мектеп салынғанын атап өтті. Сондай-ақ жолдар мен су құбырларын жөндеу сапасын қадағалайтын комиссиялар құруды ұсынды.

Умар Шоназаров өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың қатарында Есіл контрреттегішін атады. Ол аудандардағы жолдардың жайына және оның кәсіпорындардың өнім тасымалына әсеріне тоқталды.

«Бағдарламамызда жақсы және қанағаттанарлық күйдегі автожолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу көзделген. Аудандарға жиі барып жүрміз, қай жолдың жөндеуді қажет ететінін көріп отырмыз. Ірі кәсіпорындардың тасымалы мен өнімді уақытында жеткізуі жол сапасына тікелей байланысты», - деді «Әділет» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Умар Шоназаров.

Өндірісте инфрақұрылымның ірі кәсіпорын жұмысына ықпалы сөз болса, Каменкада шаруашылықтарды дамыту мен ауылда жұмыс орындарын ашуға қажетті жағдайлар талқыланды. «Байду-Агро» ЖШС ұжымымен кездескен «Әділет» партиясының кандидаты Вероника Гендик ауыл шаруашылығында жиырма жылға жуық еңбек етіп келе жатқанын айтып, шаруашылықтарды қолдау бағдарламалары мен ауылда шағын кәсіп ашу мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Ауыл шаруашылығында жиырма жылға жуық жұмыс істеп келемін, ауылдың тұрмысын жақсы білемін. Бағдарламамызда ауылдарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған шаралар бар. Ұсыныстарыңызды тыңдап, аманаттарыңызды назарға алып, солар бойынша жұмыс істеуге дайынмын», - деді Вероника Гендик.

«Алтынтау Көкшетау» қызметкерлері кандидаттарға сұрақтарын қойды, ал Берген Беспалинов ұжымның ұсыныс-тілектерін жазып алды. Каменкада Вероника Гендик шаруашылық қызметкерлерін 29 қарашада өтетін сайлауға қатысуға шақырды. Үміткерлердің Ақмола облысының тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездесулері жалғасып жатыр.

Дайындаған - «Әділет» партиясының Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі. Тапсырыс беруші - Б. М. Беспалинов.

Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

—
15:55
118
Нет комментариев. Ваш будет первым!