Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) электр энергиясын өндіру жүйелі түрде дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 14,5%-ды құрады. Ал ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 7%-ға жетті.

Ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі 2015 жылғы 9,5 млрд кВтсағаттан 2025 жылы 17,9 млрд кВтсағатқа дейін өсті. Олардың жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 10,4%-дан 14,5%-ға дейін артты.

Соңғы он жылда ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, ЖЭК үлесі 2015 жылғы 0,6%-дан 2025 жылы 7%-ға дейін өсті. Сонымен қатар осы көздерден өндірілген электр энергиясының көлемі 536,5 млн кВтсағаттан 8 693,6 млн кВтсағатқа дейін, яғни 16 еседен астам артты.

—
11:20
115
Нет комментариев. Ваш будет первым!