Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Әділет» партиясының үміткерлері Көкшетау көлік қызметкерлерімен кездесті

«Әділет» партиясының үміткерлері Көкшетау көлік қызметкерлерімен кездесті

Жұмыс орындары, қолжетімді баспана және сапалы жолдар: «Әділет» партиясының үміткерлері Көкшетау көлік қызметкерлерімен кездесті

Ақмола облысында сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды. «Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Сейнур» ЖШС ұжымымен кездесті. Басқосуда лайықты еңбекақы төлеу, жаңа жұмыс орындарын ашу, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымын дамыту және алдағы сайлау мәселелері талқыланды.

Кездесуге «Әділет» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Расул Сыздықов пен Ерлан Закирьянов, сондай-ақ партияның сайлауалды штабының өкілдері қатысты.

Жиын партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттарды талқылаудан басталды. Әсіресе халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін мәселелерге басымдық берілді. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй жағдайын жақсарту және өңірлерді дамыту мәселелері сөз болды.

Партияның облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов сайлауға қатысу әрбір азаматтың өз қаласы мен өңіріндегі өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Сайлауға қатысу неге маңызды? Өйткені халық өз мүддесін қорғайтын, күнделікті түйткілді мәселелерді шешуге атсалысатын өкілдерді өзі таңдайды. Біздің партиямыздың атауы – «Әділет». Бұл сөздің өзі әділдік деген мағынаны білдіреді. Партия бағдарламасының негізінде де осы қағида жатыр. Әділетті Қазақстан – әрбір азамат өз жоспарын жүзеге асыруға тең мүмкіндік алатын, сапалы білім мен медициналық қызметке қол жеткізетін, еңбек етіп, жұмыс таба алатын мемлекет», – деді Берген Беспалинов.

Партия бағдарламасының басты бағыттарының бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу және әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру. Кездесуде автомобиль жолдарының жай-күйі мен көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды.

Жиынға қатысушылар жол сапасын жақсартуға кешенді түрде қарау қажеттігін талқылады. Себебі жолдардың жағдайы қозғалыс қауіпсіздігіне, жолаушылар тасымалының тұрақтылығына және тұрғындардың күнделікті жайлылығына тікелей әсер етеді. Партия өкілдерінің айтуынша, облыстық жол картасы тұрғындардың ұсыныс-тілектері ескеріле отырып әзірленген және он негізгі бағытты қамтиды.

Президент Жолдауынан – өңірдің дамуына

Кездесуде көтерілген тағы бір маңызды тақырып – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы және онда белгіленген міндеттерді өңірде жүзеге асыру мәселесі болды.

Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Расул Сыздықов кәсіпкерлікті дамыту, салық жүйесін жетілдіру, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту және экономикалық өсімге қолайлы жағдай жасау мәселелеріне тоқталды.

Оның айтуынша, мемлекеттік бастамалардың нәтижесі ең алдымен қарапайым халықтың тұрмысынан көрінуі тиіс.

«Еліміздің Президенті алға қойған міндеттерді бәріміз жақсы білеміз. Қазір кәсіпкерлікті дамытуға, артық тексерулерді қысқартуға және салық жүйесін өзгертуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл өзгерістердің барлығы экономиканың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың өмір сүру сапасының жақсаруына ықпал етуі керек. Сіздердің кәсіпорындарыңыз Көкшетау қаласының көлік қатынасын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан 29 қарашада әрбір сайлаушының азаматтық ұстанымын білдіріп, саналы таңдау жасауы маңызды», – деді Расул Сыздықов.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. "Сейнур" қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, алдағы сайлау, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары және Президент Жолдауында белгіленген міндеттер бойынша түсініктеме алды. Автобус паркі ұжымымен өткен бұл басқосу «Әділет» партиясы Ақмола облыстық филиалының сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясындағы іс-шаралардың бірі болды.

Алдағы уақытта кандидаттар мен сайлауалды штаб өкілдері облыстың қалалары мен аудандарындағы еңбек ұжымдарымен және тұрғындармен кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – сайлауалды бағдарламаны таныстыру ғана емес, халықтың талап-тілегін тыңдау, нақты мәселелерді талқылау және оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыру.

«Әділет» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі

***

Тапсырыс беруші: Беспалинов Б.М.

Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

—
17:20
265
Нет комментариев. Ваш будет первым!