«Ардагерлерді ардақтайық»: жастар қарттар пансионатының тұрғындарына жылулық сыйлады
«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында «Әділет» партиясының жастар қанатының өкілдері қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Доброе сердце» пансионатына барды. Кездесу жай ғана мерекелік шара емес, аға буынға уақыт бөліп, көңіл бөліп, жылы қарым-қатынас сыйлаудың маңызды үлгісіне айналды.
Жастар пансионат тұрғындарына шағын концерттік бағдарлама дайындап, бірге ән айтып, би билеп, әңгімелесіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Дегенмен кездесудің ең маңызды бөлігі – өнер көрсету емес, ұрпақтар арасындағы шынайы қарым-қатынас болды.
Пансионат тұрғындары өздерінің өмір жолдары мен естеліктерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Олар жастардың арнайы уақыт бөліп, қонаққа келгеніне ризашылықтарын білдіріп, мұндай кездесулердің жалғаса беруін тіледі. Кейбірі тіпті жастардың қайта келіп, жай ғана әңгімелескенінің өзі үлкен қуаныш екенін атап өтті.
«Біз үшін бұл кездесу ең алдымен адамға деген құрмет пен қарапайым адами жылулық туралы. Кейде адамға үлкен сыйлықтар немесе көпшілік алдында айтылған сөздер емес, өзін біреудің ұмытпағанын сезіну маңызды. Жастар үшін аға буынның өмірлік тәжірибесін тыңдау, олардың жүріп өткен жолын бағалау және ұрпақтар арасындағы байланысты сақтау өте маңызды. Осындай кездесулер шынайы көңіл мен қамқорлықтың адамға ерекше жылу сыйлай алатынын көрсетеді», – деді жастар қанатының үйлестірушісі Маржан Мускина.
«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аға буынға деген құрмет мәдениетін қалыптастыруға, жастар арасында өзара көмек пен қоғамдық жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
Ұйымдастырушылар «Доброе сердце» пансионатының әкімшілігіне жылы қабылдауы, ашықтығы және аға буын өкілдерімен осындай мазмұнды кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.
Осындай кездесулер үлкен қамқорлықтың қарапайым нәрседен – хабарласудан, әңгімелесуден, жылы сөз бен ықыластан басталатынын көрсетеді.

«Ардагерлерді ардақтайық»: молодёжь подарила тепло и внимание жителям пансионата
В рамках акции «Ардагерлерді ардақтайық» представители молодёжного крыла партии «Әділет» посетили пансионат для пожилых людей «Доброе сердце». Встреча стала не просто праздничным мероприятием, а возможностью уделить старшему поколению самое ценное — время, внимание и человеческое тепло.
Для жителей пансионата молодёжь подготовила небольшой концерт. Вместе пели песни, танцевали, общались и делились хорошим настроением. Однако главным событием встречи стали не концертные номера, а искреннее общение между поколениями.
Жители пансионата рассказывали о своей жизни, делились воспоминаниями и с особой теплотой говорили о важности простого человеческого внимания. Многие отметили, что будут рады видеть молодых людей снова — даже для того, чтобы просто поговорить по душам.
«Для нас эта встреча — прежде всего о человеческом отношении. Иногда человеку не нужны громкие слова или дорогие подарки. Ему важно знать, что о нём помнят, что к нему готовы прийти, выслушать и просто побыть рядом. Наши старшие поколения имеют огромный жизненный опыт, и нам, молодым, важно не только заботиться о них, но и учиться у них — слышать их истории, ценить их путь и сохранять связь поколений. Такие встречи показывают, что внимание и искренняя забота способны подарить человеку настоящее тепло», — отметила координатор молодежного крыла Маржан Мускина.
Акция «Ардагерлерді ардақтайық» направлена на формирование культуры уважения к старшему поколению и развитие традиций взаимопомощи и общественной ответственности среди молодёжи. Особую благодарность организаторы выражают администрации пансионата «Доброе сердце» за тёплый приём, открытость и возможность провести этот день вместе с его жителями.
Такие встречи напоминают: забота о старшем поколении начинается не с больших проектов, а с простого внимания — звонка, разговора, улыбки и готовности быть рядом.

