Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

«Аға буын – асыл қазынамыз»: «Әділет» партиясы мерекелік кездесу өткізді

«Аға буын – асыл қазынамыз»: «Әділет» партиясы мерекелік кездесу өткізді

Көкшетау қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Халықаралық қарттар күніне арналған «Аға буын – асыл қазынамыз» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараны «Әділет» партиясының Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты – аға буынға құрмет көрсету, олардың қоғамның дамуына қосқан үлесін атап өту, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, өмірлік тәжірибе мен салт-дәстүр сабақтастығын сақтау.

Мерекелік шараға аға буын өкілдері, қоғам белсенділері мен шығармашылық сала өкілдері қатысты. Қонақтарға ұлттық мәдениет, салт-дәстүр және ұрпақтар сабақтастығы арқау болған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Іс-шара барысында «Әділет» партиясы Ақмола облыстық филиалының басшысы Берген Беспалинов құттықтау сөз сөйлеп:

«Аға буын – өткен мен бүгінді жалғайтын маңызды алтын көпір, кейінгі ұрпаққа өмірлік тәжірибе мен даналықтың қайнар көзі. Сіздер өз еңбектеріңізбен еліміздің дамуына зор үлес қостыңыздар. Біздің міндетіміз – аға буынның еңбегін бағалап, өмір жолына құрметпен қарап, олардың тәжірибесін жастарға жеткізуге жағдай жасау. Ұрпақтар сабақтастығы – бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен шаңырақтарыңызға береке тілеймін!» – деді.

Іс-шараның құрметті қонағы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенова ұйымдастырушыларға аға буынға көрсетіп отырған құрметі үшін алғысын білдіріп, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының тұрғындарымен кездесуге мүмкіндік туғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Бүгін осы тамаша орталыққа алғаш рет келіп отырмын. Осындай

«Әділет» партиясына үлкен алғысымды білдіремін. Сондай-ақ Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлына Көкшетау қаласында осындай маңызды Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашып, қолдау көрсеткені үшін айрықша алғыс айтқым келеді. Үлкенді сыйлау – халқымызға ежелден тән қасиет. Мұндай кездесулер жастармен араласуға, тәжірибемізбен бөлісуге, өз біліміміз бен өнерімізді кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. Аға буынның өмірлік тәжірибесі кейінгі ұрпақ үшін әрдайым қажет деп есептеймін», – деді Бисара Макенова.

Мерекелік бағдарламаның ерекше бөлігінің бірі – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының келушілері дайындаған шығармашылық жұмыстардың көрмесі болды. Көрме барысында сәндік-қолданбалы өнер туындылары, картиналар, тоқылған бұйымдар, қыштан жасалған жұмыстар, сөмкелер және басқа да қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.

Көрме орталық келушілерінің шығармашылық қабілетін, шеберлігін және белсенді өмір салтын айқын көрсетті. Әрбір бұйымнан авторлардың талғамы, еңбегі мен өмірлік тәжірибесі көрініс тапты.

Мерекелік шара аясында «Оқжетпес» ансамблі, домбырашылар ансамблі және жас өнерпаздар өнер көрсетті. Көрермендерге дәстүрлі және эстрадалық шығармалар орындалып, мерекелік көңіл күй сыйлады.



«Аға буын – асыл қазынамыз»: партия «Әділет» провела праздничную встречу

В Кокшетау, в Центре активного долголетия, состоялось праздничное мероприятие, посвящённое Международному дню пожилых людей, — «Аға буын – асыл қазынамыз».

Организатором мероприятия выступил Акмолинский областной филиал партии «Әділет». Главная цель встречи — выразить уважение старшему поколению, отметить его вклад в развитие общества, а также укрепить связь между поколениями и сохранить преемственность жизненного опыта и традиций.

В мероприятии приняли участие представители старшего поколения, общественности и творческой сферы. Для гостей была подготовлена насыщенная концертная программа, в которой нашли отражение национальная культура, традиции и преемственность поколений.

С поздравительным словом выступил руководитель Акмолинского областного филиала партии «Әділет» Берген Беспалинов.

«Старшее поколение — это важная связь между прошлым и настоящим, источник жизненного опыта и мудрости для последующих поколений. Вы своим трудом внесли значительный вклад в развитие нашей страны. Наша задача — ценить этот труд, уважать жизненный путь старшего поколения и создавать условия для передачи его опыта молодёжи. Преемственность поколений — это общая ответственность всего общества. Желаю вам крепкого здоровья, долголетия, семейного благополучия и мира в ваших домах!» — отметил Берген Беспалинов.

Почётной гостьей мероприятия стала заслуженная артистка Республики Казахстан Бисара Макенова, которая поблагодарила организаторов за внимание к старшему поколению и возможность встретиться с жителями Центра активного долголетия.

«Сегодня я впервые побывала в этом замечательном центре. Хочу выразить огромную благодарность партии «Әділет» за организацию такого прекрасного концерта и внимание к старшему поколению. Отдельные слова благодарности хочется сказать акиму области Марату Муратовичу за поддержку и создание такого важного Центра активного долголетия в Кокшетау. Уважение к старшим — это качество, которое всегда было присуще нашему народу. Такие встречи дают возможность общаться с молодёжью, делиться опытом и передавать свои знания. Я считаю, что жизненный опыт старшего поколения всегда будет востребован последующими поколениями», — сказала Бисара Макенова.

Особое место в праздничной программе заняла выставка творческих работ посетителей Центра активного долголетия. Гости мероприятия смогли познакомиться с произведениями декоративно-прикладного искусства, картинами, вязаными изделиями, керамикой, изделиями ручной работы, сумками и другими творческими работами.

Выставка стала ещё одним свидетельством того, что активная жизнь, творчество и стремление развиваться не имеют возрастных границ. Каждый представленный экспонат отражал мастерство, увлечённость и богатый жизненный опыт авторов.

В рамках праздничной программы также выступили ансамбль «Окжетпес», ансамбль домбристов и молодые исполнители. Для гостей прозвучали традиционные и эстрадные произведения, которые создали тёплую и праздничную атмосферу.

—
09:43
145
Нет комментариев. Ваш будет первым!