Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

Ақмола облысында дін қызметкерлері жемқорлықпен күреске тартылуда

Ақмола облысында дін қызметкерлері жемқорлықпен күреске тартылуда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысы бойынша өкілдігінде жемқорлық мәселесін талқылау бойынша арнайы кездесу өтіп, оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов, Ақмола облысының бас имамы Сәбит Қуаныш және Көкшетау қаласы мешіттерінің имамдары қатысты.

Жиналған қауымға алғыс жаудыра отырып, Берген Беспалинов азаматтардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы дін қызметкерлерінің рөліне тоқталды.

«Сыбайлас жемқорлық заңнамамен қатар барлық әлемдік діндермен айыпталатындықтан және ауыр күнә болып табылатындықтан жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда біз діни қауымдастықтың көмегіне жүгінеміз. Біз дін қызметкерлерінің жоғары адамгершілігі мен беделінің халықтың мәдени құндылықтарын нығайтуға баға жетпес үлес қосатынына сенімдіміз» - дейді Б.Беспалинов.

Өз кезегінде Сәбит Қуаныш бірлесіп жұмыс атқаруға дайындығын білдіріп, жемқорлықтың барлық діндерде күнә болып есептелетінін айтып өтті. Кездесуде барлық қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, екі жақ өзара бірлесіп қызмет ету бойынша жоспарларды талқыға салды. Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының дін істері бөлімінің басшысы Болат Қасенов діни ұйымдардың жемқорлықпен күреске қосатын үлесінің өз жемісін бере алатынын айтты.

12:11
2966
Нет комментариев. Ваш будет первым!