Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Суға толған тас карьері – адам өміріне қауіп төндіретін орын

​Суға толған тас карьері – адам өміріне қауіп төндіретін орын

Су астындағы тастарға соғылып қаза тапқан адамдар, өткен жылы суға кетіп көз жұмған екі адам – мұның барлығы Макинск қаласының маңындағы суға толған бұрынғы тас карьерінде болған қайғылы оқиғалар.

Су айдынының түбі тасты болғандықтан және жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша шомылуға жарамсыз деп танылғанына қарамастан, адамдар бұл жерге демалуға келуін тоқтатар емес. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы он жылда осы жартастардан суға секіріп, алты адам көз жұмған. Соған қарамастан, экстремалды демалысты ұнататындар су астындағы алып тастарға қарамай, жартастан секіруді жалғастыруда.

ТЖД қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су айдыны маңында тұрақты түрде профилактикалық рейдтер өткізеді. Алайда демалушылардың кейбірі құтқарушылардың ескертулеріне агрессивті түрде жауап беріп, жанжал туғызады. Департаменттің мәліметінше, көпшілік қайғылы жағдай өздерін айналып өтеді деп қате ойлайды.

Аталған тас карьері ресми түрде шомылуға тыйым салынған орындардың қатарына енгізілген. Оның бүкіл аумағында тыйым салатын және ескерту белгілері орнатылған. Соған қарамастан, кейбір блогерлер бұл жерді демалыс орны ретінде насихаттап, оның өмірге қауіпті әрі шомылуға тыйым салынған аумақ екенін ескертпейді.

Макинск ауылдық округінің әкімі Өміртай Жомартовтың айтуынша, мұндай «жарнама» әсіресе бұл өңірдің ерекшелігін білмейтін сырттан келген демалушылар үшін аса қауіпті. Олар су астында тік жартастар мен ірі тас үйінділері жатқанын білмейді.

Өкінішке қарай, профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқан кезеңде облыстағы осындай шомылуға тыйым салынған су айдындарында 3 адам, оның ішінде 2 бала қаза тапты.

Жыл басынан бері Ақмола облысының су айдындарында 33 адамның, оның ішінде 8 баланың қаза болуы тіркелді.

Құтқарушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын өз өмірлеріне қауіп төндірмеуге шақырады. Әсерлі сурет немесе қауіпті секіріс ешқашан адам өміріне татымайды.

11:56
122
Нет комментариев. Ваш будет первым!