Акмолинская область присоединилась к реализации проекта «Читающая нация»
В регионе подписан меморандум о сотрудничестве по реализации республиканского проекта «Читающая нация». Документ заключен между акиматом региона и общественным фондом «Кітап оқитын ұлт - Читающая нация» и направлен на развитие культуры чтения и повышение интереса к книгам среди жителей области.
Церемония подписания состоялась в Доме дружбы с участием представителей государственных органов, организаций образования и культуры, библиотечного сообщества, общественных объединений, научной общественности и средств массовой информации.
Как отметил заместитель акима Акмолинской области Досулан Айтбаев, реализация проекта станет важным шагом в формировании читающего общества.
«Развитие культуры чтения - это вклад в будущее нашего региона. Сегодня мы объединяем усилия государства, системы образования, библиотек и общественных организаций, чтобы книга стала неотъемлемой частью жизни детей, молодежи и всех жителей Акмолинской области», - сказал Досулан Айтбаев.
Исполнительный директор общественного фонда «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» Аян Сакошев представил концепцию проекта и рассказал о механизмах его реализации.
«Наша задача - не просто популяризировать чтение, а создать устойчивую систему, которая будет мотивировать людей читать, обсуждать книги и развивать читательскую культуру. Уверен, что Акмолинская область станет одним из активных участников проекта», - отметил Аян Сакошев.
В ходе встречи также состоялось обсуждение проекта с участием представителей научного и экспертного сообщества.

Ақмола облысы «Кітап оқитын ұлт» жобасын іске асыруға қосылды
Ақмола облысында республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа облыс әкімдігі мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация»қоғамдық қоры қол қойып, өңір тұрғындары арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға және оқырмандық белсенділікті арттыруға бағытталған өзара ынтымақтастықтың негізін қалады.
Қол қою рәсімі Достық үйінде өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, білім беру және мәдениет ұйымдарының, кітапхана саласының, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми қауымдастықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев жобаның өңір үшін маңызына тоқталып, оның оқырман қоғамын қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті.
«Кітап оқу мәдениетін дамыту – өңіріміздің болашағына салынған маңызды инвестиция. Бүгін біз мемлекет, білім беру жүйесі, кітапханалар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіріп, кітапты балалардың, жастардың және жалпы Ақмола облысы тұрғындарының өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыруды мақсат етіп отырмыз», – деді Досұлан Айтбаев.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры Аян Сақошев жобаның тұжырымдамасын таныстырып, оны жүзеге асыру тетіктеріне тоқталды.
«Біздің мақсатымыз – кітап оқуды насихаттаумен ғана шектелмей, адамдарды кітап оқуға, оны талқылауға ынталандыратын және оқырмандық мәдениетті қалыптастыратын тұрақты жүйе құру. Ақмола облысы бұл жобаның белсенді қатысушыларының біріне айналады деп сенемін», – деді Аян Сақошев.
Кездесу барысында ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен жобаны іске асырудың өзекті бағыттары талқыланды.

