Продолжая использовать этот сайт, Вы должны согласиться на использование куки

​Ақмола облысында қайта жаңғыртудан кейін үш теміржол вокзалы ашылды

​Ақмола облысында қайта жаңғыртудан кейін үш теміржол вокзалы ашылды

Ақмола облысында тағы үш жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Олар Шортанды кентінде, сондай-ақ Макинск және Ақкөл қалаларында орналасқан. Нысандарды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан теміржол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілді.

«Бағдарламаға енгізілген нысандар саны бойынша өңір көш бастап тұр: қазіргі таңда 16 теміржол вокзалы жаңғыртылуда. Бұл – ел бойынша ең жоғары көрсеткіш. Жаңғырту бағдарламасы вокзалдарға екінші өмір сыйлап қана қоймай, елді мекендердің туризм мен бизнесті дамытуына, инвестициялық тартымдылығын арттыруына қосымша мүмкіндік берді», – деді Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков.

Жаңғыртылған вокзалдар қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділік бойынша заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Қайта жаңғырту барысында ғимараттардың қасбеттері мен ішкі бөлмелері, инженерлік желілер жаңартылды. Сондай-ақ жайлы күту залдары жабдықталып, навигация жүйесі жетілдірілді, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балалы жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасалды.

Еске сала кетейік, өңірде жаңғыртудан кейін алғаш болып Щучинск қаласының теміржол вокзалы жұмысын бастады. Шілде айында тағы 7 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал Көкшетау қаласындағы теміржол вокзалы қазан айында пайдалануға беріледі.


Три железнодорожных вокзала открылись после реконструкции в Акмолинской области

В Акмолинской области введены в эксплуатацию ещё три модернизированных железнодорожных вокзала – в поселке Шортанды, а также в городах Макинске и Акколе. Обновление объектов выполнено в рамках масштабной государственной программы модернизации железнодорожной инфраструктуры, реализуемой по поручению Главы государства.

«Регион лидирует по количеству объектов, включенных в программу модернизации: обновляются 16 железнодорожных вокзалов, это самый высокий показатель в стране. Программа модернизации дала им вторую жизнь, а населенных пунктам – дополнительные возможности для развития туризма и бизнеса, повышение инвестиционной привлекательности», – отметил руководитель управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог Акмолинской области Владимир Кулаков.

Модернизированные вокзалы соответствуют современным требованиям к безопасности, комфорту и доступности. В ходе реконструкции были обновлены фасады и внутренние помещения, инженерные сети, оборудованы комфортные зоны ожидания, улучшена навигация и созданы условия для маломобильных групп населения и пассажиров с детьми.

Напомним, что первым в регионе после модернизации начал работать вокзал в г. Щучинске. В июле запланировано открытие ещё 7 объектов. Вокзал в Кокшетау будет сдан в эксплуатацию в октябре.

09:04
110
Нет комментариев. Ваш будет первым!