Нұрғиса Дәуешов Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды
Нұрғиса Дәуешов Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды
Ақмола облысы әкімінің өкімімен облыстық мәдениет басқармасының басшысы болып Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы тағайындалды
Нұрғиса Дәуешов Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Орал қаласындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әртісі болып бастады.
2009-2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 2013-2019 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры болды.
2019-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымында қызмет етті.
2023-2026 жылдары «Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ директорының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры қызметін атқарды.
Нұрғиса Мұратұлы Дәуешов «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын иеленген.
Нуркиса Дәуешов назначен руководителем управления культуры Акмолинской области
Распоряжением акима Акмолинской области руководителем областного управления культуры назначен Дауешов Нуркиса Муратович.
Нуркиса Дауешов родился в Западно-Казахстанской области. Окончил Казахскую национальную консерваторию имени Курмангазы, Казахскую национальную академию искусств имени Т.Жургенова, Западно-Казахстанский инновационно-технологический университет.
Трудовую деятельность начал в 2003 годуартистом Западно-Казахстанской областной филармонии имениГ.Курмангалиева в Уральске.
С 2009 по 2013 года работал преподавателем кафедры традиционного музыкального искусства Казахской национальной академии искусств имени Т.Жургенова.
В 2013-2019 года был директором Казахского государственного академического оркестра народных инструментов имени Курмангазы.
В 2019-2023 года занимал должности вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.
С 2023 по 2026 года был советником директора РГУ «Президентский центр Республики Казахстан».
До назначения являлся директором РГКП «Казахская государственная академическая филармония имени Жамбыла» Комитета культуры Министерства культуры и информации республики Казахстан.
Имеет почетное звание «Заслуженный деятель Казахстана».
