Сандықтау ауданы аграрлық әлеуетін арттыруда
Сандықтау ауданына жұмыс сапары барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Облыс әкімінің орынбасары «Жабай» ЖШС егістік алқаптарында болып, ауыл шаруашылығы дақылдарының жай-күйін көрді. Биыл шаруашылықтың жалпы егіс көлемі 7,9 мың гектарды құрады.
«Егіс науқаны белгіленген мерзімде аяқталды. Қазіргі таңда негізгі назар егістіктерді күтіп-баптауға және барлық агротехнологиялық талаптардың сақталуына аударылуда. Егістіктегі қазіргі жағдай мол өнім алуға мүмкіндік береді», – деді серіктестік басшысы Дога Докаев.
Максимовка ауылында Мұрат Балпанға ірі инвестициялық жобалар таныстырылды. Қазіргі уақытта мұнда 340 сиыр мен бұзауға арналған репродукторлық ферма салынуда, ауыл шаруашылығы алқаптарын суару жүйесі дамытылуда, сондай-ақ жасымық өңдеу цехының құрылысы жалғасуда. Цех құрылысына тартылған инвестицияның жалпы көлемі кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 1,3 млрд теңгені құрайды. Нысанның өндірістік қуаты сағатына 5 тонна өнім өңдеуге жетеді. Өндірістік желіні іске қосу 2026 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Сонымен қатар кәсіпорын аумағында сыйымдылығы 14 мың тонна болатын көкөніс қоймасының құрылысы жоспарланып отыр. Ол 2027 жылы пайдалануға беріледі.
«Кәсіпорынды дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар өндірістік мүмкіндіктерді кеңейтуге, жұмыс тиімділігін арттыруға және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Максимовское» ЖШС басшысы Александр Закусилов.

Сандыктауский район наращивает аграрный потенциал
В рамках рабочей поездки в Сандыктауский район заместитель акима Акмолинской области Мурат Балпан посетил ряд сельскохозяйственных предприятий и ознакомился с ходом реализации инвестиционных проектов в агропромышленном комплексе.
Заместитель акима побывал на полях ТОО «Жабай», где ознакомился с состоянием посевов сельскохозяйственных культур. В текущем году общая посевная площадь хозяйства составила 7,9 тыс. гектаров.
«Посевная кампания завершена в установленные сроки. Сегодня основное внимание уделяется уходу за посевами и соблюдению всех агротехнологических требований. Тек – ущая ситуация на полях позволяет рассчитывать на получение хорошего урожая», – отметил руководитель товарищества Дога Докаев.
В селе Максимовка Мурату Балпану представили крупные инвестиционные проекты. В настоящее время здесь ведется строительство фермы-репродуктора на 340 коров с телятами, развивается система орошения сельскохозяйственных угодий, а также продолжается строительство цеха по переработке чечевицы. Общий объем инвестиций в строительство цеха составляет 1,3 млрд тенге за счет собственных средств предприятия. Производственная мощность объекта достигнет 5 тонн продукции в час. Запуск производственной линии запланирован на сентябрь 2026 года.
Кроме того, на территории предприятия планируется строительство овощехранилища вместимостью 14 тысяч тонн, которое будет запущено в 2027 году.
«Инвестиционные проекты, направленные на развитие предприятия, позволят расширить производственные возможности, повысить эффективность работы и внести вклад в развитие агропромышленного комплекса региона», – подчеркнул руководитель ТОО «Максимовское» Александр Закусилов.

